22.07.2018 18:26

346.68
404.02
51.15
5.1
5.47
72.23


Жастарға арналған ақылы еңбек тәжірибесі

Бейсенбі, 01 Ақпан 2018 11:37

Биыл жастар практикасына қатысушылардың еңбек ақысы 65 000 теңгені құрайды.

Жастар практикасы – жас мамандарға практика өту барысында ұжымда өзін көрсетуге, теориялық білімін тəжірибеде қолдануға және болашаққа сенімді қадам басуға мүмкіндік береді.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жастар практикасына қатысушыларға республикалық бюджеттен 25 АЕК көлемінде (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк  қызметтерін ескергенде) қаржы бөлінеді, яғни 47 000 теңге көлемінде қолға алады.

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасы бойынша жастар практикасына қатысушылардың еңбек ақысына 10 АЕК көлемінде жергілікті бюджет есебінен бірлесіп қаржыландыру іске асырылуда, яғни елордада жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысының көлемі қолға алатыны 65 000 теңгені құрайды, бұл Астана қаласында өмір сүру үшін тұтыну шығындарының жоғарлылығымен түсіндіріледі.

Бүгінгі күні  Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына жастар практикасын ұйымдастыру бойынша елорда жұмыс берушілерінен 89 өтінім келіп түсті, оның 18-і мемлекеттік және 71 -і жеке меншік ұйымдар.

Жастар практикасынан өткеннен кейін тұрақты жұмысқа орналастыру мақсатында, Халықты жұмыспен қамту орталығы жастар практикасына жолдағандардың жалпы санынан 50 %-дан кем емес қатысушыларды, жастар практикасынан өткеннен кейін тұрақты жұмысқа қабылдау туралы жұмыс берушілерден кепілдік хат қабылдады.

Жастар практикасына оқыған мамандығы бойынша жұмыс өтілі жоқ, 29 жасқа дейінгі, соңғы 3 жылдағы оқу орындарының түлектерінде қатысу құқықтары бар.

 

АҚПАРАТ

Қосымша ақпарат алу үшін:

Телефондар: + 7 (7172) 72-93-56, 57-89-12.

Мекен-жайы: Бейбітшілік к., 25, «Өркен» ІО.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper