22.07.2018 18:28

346.68
404.02
51.15
5.1
5.47
72.23


Электрондық еңбек биржасына 25,5 мыңға жуық бос жұмыс орны орналастырылды

Жұма, 22 Желтоқсан 2017 11:48

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың хабарлауынша, 15 мыңнан астам адам электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыс тапты.

ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында 2017 жылдың қазан айынан бастап жұмыс берушілердің, қызметкерлердің, жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің және онлайн интернет алаңдардың өзара іс-қимылы үшін тегін бірыңғай цифрлық платформа ретінде құрылған Бірыңғай электрондық еңбек биржасы қызмет көрсетеді.

 - Бүгінде электрондық еңбек биржасы іске қосылған. Біз шамамен өткен айда 8 мың бос жұмыс орнынан бастадық. Қазіргі таңда электрондық еңбек биржасында 25,5 мыңға жуық бос жұмыс орны орналастырылған. Биржа арқылы 15 мыңнан астам адам жұмыс тапты, — деді Светлана Жақыпова.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, сондай-ақ, электрондық еңбек биржасының жұмыс істеу перспективаларын атап өтті. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап биржа өнеркәсіптік пайдалануға беріліп, оған елдегі барлық 199 жұмыспен қамту орталығы қосылады.

- Электрондық еңбек биржасы жұмыспен қамту орталықтарынан бос орындар туралы ақпарат алады, сонымен қатар жұмыс берушілерден бос орындар туралы ақпарат алып, жариялайды, — деп қорытындылады вице-министр.

Сондай-ақ, жаңа жылдың екінші тоқсанында бейресми жұмыспен қамтылған адамдарды жеңілдетілген түрде тіркеу модулін енгізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта бұл тетік пысықталып жатыр. 

 

АҚПАРАТ

2017 жылдың 11 айында 413 мың адам жұмысқа орналастырылды, олардың 279 мыңы тұрақты жұмысқа арналған. Бүгінгі таңда Бағдарламаға қатысушылардың саны 527 мыңға жетті, олардың 50% -дан астамы — ауылдық жерлердің тұрғындары.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper