26.09.2018 14:43

356.54
419.43
51.86
5.17
5.42
58.13


Қысқа мерзімді кәсіптік оқу

Сәрсенбі, 15 Қараша 2017 14:13

Кәсіптік мамандықты меңгерген 100-ге жуық адамға куәлік тапсырылды

Оңтүстік Қазақстан облысында қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған 100-ге жуық адамға куәлік берілді. Олар «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында ұйымдастырылған үш айлық курсты сәтті аяқтады.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандарының айтуынша, білім алушылардың басым көпшілігі тігіншілікті игерсе, қалғаны электр слесарі мамандығын меңгерген. Үш ай ішінде мамандықты меңгерген азаматтар тұрақты жұмысқа да орналасты. Олар аз уақыт аралығында бірі тігінші, бірі электр слесарі мамандығына машықтанып алды. Енді жұмысқа кірісуге сақадай сай. Ал Мөлдір Амантаева тіпті өз бизнесін ашып, сүйікті ісінен нәпақа табуды ойластырып та қойған. Бағдарлама қатысушысы алдағы уақытта жеңілдетілген несие алып, қаражатқа жеке тігін цехын ашпақ ниетте. 

Сондай-ақ, бүгінде өңірде сұранысы зор тігінші, сантехник, электр слесарі сияқты бас-аяғы он бес мамандықтың тізімі жасақталып отыр. Жұмыссыздықпен күресу мақсатында қолға алынған бағдарлама аясында осынау мамандықтарға азаматтарды кысқа мерзімді кәсіптік оқыту жоспары өз деңгейінде жүргізілуде дейді салаға жауаптылар.

 

Оңтүстік Қазақстан облысында бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде мамандығы жоқ азаматтар еңбек нарығының сұранысына орай кәсіптік білім алуға 4500, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 12 мыңнан аса адам жолданған. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолданғандардың жартысына жуығы оқуды аяқтап, 2 мыңға жуық адам жұмысқа орналасқан. Жергілікті билік өкілдері облыста бағдарламаны өз деңгейінде іске асыру нәтижесінде жұмыссыздар азайып, сұранысқа ие мамандар қатары толыққандығын айтады.

 

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper