22.07.2018 18:28

346.68
404.02
51.15
5.1
5.47
72.23


ОҚО ауыл тұрғындары 15 мамандық бойынша кәсіби білім алады

Дүйсенбі, 11 Қыркүйек 2017 14:13

Әкімдіктің кезекті селекторлық жиынында көтерілген өзекті мәселелердің бірі ауылдағы тұрмыс-тіршілікті жақсарту арқылы облыстың деңгейін көтеру болды.

Жиында сөз алған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы М.Отаршиев облыста осы жылы 53,7 мың жаңа жұмыс орындары ашылып, оның ішінде тұрақты жұмыс орындары 38413 екенін атап өтті. Оның айтуынша, мамандар тапшылығын реттеу мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде өңірде 4 584 адам техникалық және кәсіптік білім алып жатса, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 9682 адам 89 мамандық бойынша жолданған. «15 мамандық бойынша, яғни, токарь, темір ұстасы, ағаш ұстасы, электрші, сантехник, шаштараз сынды мамандықтарға бейім азаматтарды ауыл әкімдері тауып беруі керек. Бұл жоба нақты жүзеге асқанда азаматтар жұмыспен қамтылып, ауылдағы өмір сүру жағдайы қала өркениетіне бейімделер еді. Осылайша, ауылдағы тұрмыс-тіршілікті жақсарту арқылы облыстың деңгейін көтереміз»,  -деді Жансейіт Түймебаев.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper