26.09.2018 15:13

356.54
419.43
51.86
5.17
5.42
58.13


Жұмыс іздеушілерге арналған мобильді қосымша іске қосылды

Бейсенбі, 07 Қыркүйек 2017 18:12

Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы «CZ Астана» мобильді қосымшасын іске қосты.

Елордалық жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған ақысыз мобильді қосымшаны Google Play және App Store дүкендерінен жүктеп алуға болады. 

Мобильді қосымша арқылы қолданушы кәсіби бағдарлауға қатысты тест өтуге, бос жұмыс орындарын іздеуге, афиша (жоспарланған іс-шаралар, курстар, жәрмеңкелер, шеберлік сабақтары, шағын аукциондар тізімі және т.б.), жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған пайдалы ақпарат (түйіндемені қалай жазу керек, әңгімелесу кезіндегі сұрақтарға қалай жауап беру керек, жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері) алуына мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, мұнда Жұмыспен қамту орталығының орналасу мекен-жайын анықтауға мүмкіндік беретін карта да орналасқан.

Бағдарламадағы вакансия тізімі екі апта сайын жаңарып тұрады. Сондай-ақ, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтетеін болса немесе өзге де ақпарат жаңартылған жағдайда қолданушыға хабарландыру келеді.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper