22.07.2018 18:29

346.68
404.02
51.15
5.1
5.47
72.23


Оңтүстік Қазақстан облысында 179 бос жұмыс орын ұсынылды

Сәрсенбі, 23 Тамыз 2017 16:20

Түлкібас ауданында өткен бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңкеде аудандағы 59 мекеме өздеріне қажетті 179 бос жұмыс орынын ұсынды.

 

Фото: Самат Мырзағалиев

Жәрмеңкеде әсіресе білім саласы бойынша яғни, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын, математика пәнінің мұғалімі және дәнекерлеуші, жүргізуші, электрик тағы басқа мамандықтары бойынша көптеген сұраныстар түсті.

Еңбек жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша ұсынылған бос жұмыс орындарына 87 азамат жолданды. Енді олар арнайы әңгімелесуден өтетін болады. Жұмыс берушінің талаптарына сай келетін болса, бұл азаматтар тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Сондай-ақ, шара барысында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына қатысуға ниет білдірген 45 азаматтың құжаттары қабылданды.

Айта кетерлігі, Түлкібас ауданында жыл басынан бері 1 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылып, 1044 адам жұмысқа орналасқан.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper