19.11.2018 06:51

367.06
416.17
52.84
5.27
5.56
68.88


Мұғалімдер Thunter сайты арқылы жұмысқа орнала алады

Сенбі, 26 Тамыз 2017 14:13

Шымкент қаласының білім беру мекемелерінен жұмыс іздеген педагогтар енді Thunter ресми сайт арқылы  жұмыс таба алады.

Жүйеде білім саласындағы бос орындар жарияланады және соған сәйкес кез келген педагог өз өтінішін тіркеп, конкурс негізінде іріктеуден өтеді.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, дауыс беру электронды түрде жүргізіледі. Құжат тапсырған үміткер – білім беру мекемесінің басшысымен «Халық кеңсесінде» әңгімелесуден өтеді. Мұнда комиссия құрамында ата-аналар комитетітінің мүшесі, қоғамдық ұйым және БАҚ өкілдері, білім бөлімінің қызметкері болады.

Комиссия мүшелерінің шешімі электронды дауыс беру тәсілі арқылы веб-сайтта жарияланып, ең көп дауыс жинаған үміткер мекеме басшысына ұсынылады.

Бүгінгі таңға дейін конкурстық жүйе бойынша 183 комиссия отырысы өткізіліп, 136 педагог қызметкер жұмысқа қабылданды.

2017 жылы T-hunter бағдарламасы арқылы 324 бос орын жарияланып, конкурсқа 517 маман қатысқан. Солардың ішінен 176-сы жұмысқа қабылданды. 

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper