20.08.2019 07:03

386.8
429.27
54.89
5.55
5.78
69.2


2019 жылы 20 мың тұрақты жұмыс орны құрылады

Сәрсенбі, 06 Ақпан 2019 15:25

Бұл жөнінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

«2018 жылдың қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіпте жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны 14,7 мыңға жетті. Жалпы алғанда өнеркәсіп бойынша еңбек өнімділігі 3,5%-ға, негізгі капиталдағы инвестициялар – 27%-ға өсті», - деді министр.

Индустрияландыру бағдарламасын іске асыру кезеңінде жалпы құны 7,9 трлн теңге болатын 1250-ден астам жоба іске қосылып, 120 мың тұрақты жұмыс орны құрылса, 2018 жылы құны 1,3 трлн теңге болатын 100 жаңа жоба іске қосылып, 13 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды.

2019 жылы жалпы сомасы 1,1 трлн теңге болатын 120-ға жуық кәсіпорынды іске қосу жоспарланып отыр. Бұл жобалар бойынша 20 мың тұрақты жұмыс орны құрылады.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper