18.11.2018 13:57

367.06
416.17
52.84
5.27
5.56
68.88


Қарамағында жалдамалы жұмыскерлері бар жеке кәсіпкерлер жарнаны қалай төлейді?

Бейсенбі, 01 Наурыз 2018 16:30

Бұл сұраққа Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жұртшылықпен байланыс департаментінің мамандары жауап береді.

Қарамағында жалдамалы жұмыскерлері бар жеке кәсіпкерлер 2018-2019 жылдары жұмыскер табысының 1,5%, 2020 жылдан бастап – 2 пайызы көлемінде жарна аударады. Жарна жұмыскердің жалақысынан емес, жұмыс берушінің өз есебінен төленеді.

Сонымен қатар, қарамағында жалдамалы жұмыскерлері бар шаруа қожалықтарының иелері де жарнаны осы тәртіп бойынша аударады. Бірақ шаруа қожалықтарының иелері маусыммен жұмыс істейтіні белгілі. Олар жұмыскер үшін сақтандыру аударымдарын нақты жұмыс маусымы үшін төлейді.

Ал, жұмысшымен бекітілген келісімшарт мерзімі біткеннен кейін (жұмыс маусымы тоқтаған кезде) төлемейді.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper