19.11.2018 06:50

367.06
416.17
52.84
5.27
5.56
68.88


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің 2 жылға кейінге шегерілуіне байланысты жарна төлеу тәртібі өзгереді ме?

Бейсенбі, 01 Наурыз 2018 14:20

Бұл сұраққа Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жұртшылықпен байланыс департаментінің мамандары жауап береді.

Жаңа заң бойынша жұмыс берушілер өз қарамағындағы жұмыскерлер үшін жарна төлеуді тоқтатпайды. Бұл санат 2018-2019 жылдары жұмыскер табысының 1,5%, 2020 жылдан бастап – 2 пайызы көлемінде жарна аударады. Осы жерде жарнаның жұмыскер жалақысынан емес, жұмыс берушінің өз есебінен төленетінін де айта кеткен жөн.

Жеке кәсіпкерлер өзі үшін жарна төлеуден босатылды. Қазақстан республикасының "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" заңына сәйкес, жеке кәсіпкерлер 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап өзі үшін сақтандыру жарнасын аударуды бастаған болатын. Заңға өткен жыл соңында енгізілген түзетулерге сәйкес жеке кәсіпкерлер 2018-2019 жылдары өзі үшін жарна төлеу міндетінен босатылды. Бірақ олар жұмыс беруші ретінде аударым жасауды тоқтатпайды.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper