19.07.2018 12:09

344.58
400.51
51.3
5.06
5.47
72.15


А вирусты гепатитін жұқтырып алған адамда қандай белгілер болады?

Бейсенбі, 08 Ақпан 2018 12:04

Бұл сұраққа Қарағанды облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары жауап береді.

А вирусты гепатиті ауруы – кір қол («лас қол ауруы»), ласталған су және тамақ өнімдері арқылы беріледі. Вирус адамнан адамға тығыз байланыста болғанда, тамақты дайындау барысында жұқпа енгізілген немесе тиісті түрде өңделмеген тамақпен немесу сумен беріледі. Көбінесе А вирусты гепатиті «инкубациялық кезеңдегі» науқастардан жұғады. А вирусты гепатитінің ерекшелігі ол қоршаған ортаға тұрақты: бөлме температурасында бірнеше апта немесе айға жуық, ал 4°C-та бірнеше ай сақталады.

Сарғаю кезеңі алдында аурудың негізгі белгілеріне: әлсіздік, тез шаршау, бас ауруы, бұлшықет пен буын ауруы, лоқсу, құсу, терінің  қышынуы, дене қызуының орташа көтерілуі (37°-38,5°) білінеді.

  • балаларда іш өтуі де болады;
  • жасөспірімдер мен ересектерде іштің жоғарғы бөлігінде ауыру белгілері де (оң жақ қабырға асты) білінеді және кей белгілеріне қарай тұмауға ұқсас болады.

Осыдан кейін А гепатитінің сарғыштық кезеңі басталады: осы кезде науқастың жағдайы айтарлықтай жақсарады. 2-4 күн өткен соң науқастың зәрі күңгірттенеді, түсі сыра немесе шайға ұқсас келеді, ал үлкен дәрет керісінше түссізденеді. Аурудың осы кезеңінде шырышты қабат, көз іші (ақуыз қабағы) және терінің сарғыштануы байқалады.

А вирусты гепатиті кезінде науқас адам медициналық көмекке дер кезінде жүгінгенде, ем-шараларын қабылдап, дәрігер нұсқаулықтарын орындаса тез сауығады. 

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper