26.09.2018 14:46

356.54
419.43
51.86
5.17
5.42
58.13


А вирусты гепатитінен қорғану жолдары қандай?

Бейсенбі, 08 Ақпан 2018 11:55

Бұл сұраққа Қарағанды облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары жауап береді.

А вирусты гепатиті ауруы – кір қол («лас қол ауруы»), ласталған су және тамақ өнімдері арқылы беріледі. Вирус адамнан адамға тығыз байланыста болғанда, тамақты дайындау барысында жұқпа енгізілген немесе тиісті түрде өңделмеген тамақпен немесу сумен беріледі. Көбінесе А вирусты гепатиті «инкубациялық кезеңдегі» науқастардан жұғады.

А вирусты гепатитінің ерекшелігі ол қоршаған ортаға тұрақты: бөлме температурасында бірнеше апта немесе айға жуық, ал 4°C-та бірнеше ай сақталады.

А вирусты гепатитінің алдын алу шараларының аса маңыздысы - вакцинация болып саналады, ол 2 жастағы балаларға, екі рет арасына 6 ай сала отырып жасалады.

el

Бұдан басқа, А вирусты гепатитін жұқтырудан қарапайым ережелерді орындау қорғайды:

  • тамақ ішер алдында және дәретханадан кейін қолды міндетті түрде жуу қажет!
  • ашық су орындарынан су ішпеңіз және онымен жемістерді және көкөністерді жумаңыз!
  • тамақ дайындауда кір жемістер мен көкөністерді тұтынбаңыз!

 

 

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper