19.07.2018 11:57

344.58
400.51
51.3
5.06
5.47
72.15


«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қалай баспана алуға болады?

Жұма, 08 Желтоқсан 2017 22:45

«Нұрлы жер»  тұрғын үй құрылысы бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әзірленді және өзіне тұрғын үй құрылысын қолдаудың жаңа тетіктерін және бұрын қабылданған мемлекеттік және салалық: «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған және Өңірлерді дамытудың 2020 жылдарға дейінгі бағдарламалардың тетіктерін біріктірді.

Бағдарлама 5 негізгі міндеттерді іске асыру арқылы елдегі халықтың әр тараптарының тұрғын үй мәселелерін кешенді шешуге бағытталды:

  1. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй қорын құру.
  2. Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту.
  3. Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы өткізілетін кредиттік тұрғын үй салу.
  4. Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру.
  5. Ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру.

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй қорын құру

2017 жылдан бастап, жыл сайын 3000 жуық пәтер салуға республикалық бюджеттен жалға берілетін тұрғын үй қорын құру үшін өңірлерге 25 млрд. теңге бөлу көзделді.

Салынған жалға берілетін тұрғын үй әкімдіктердің тізімінде тұрған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына кезек тәртібінде сатып алу құқығынсыз ұзақ мерзімді жалға берілетін болады. Осындай тұлғалардың тізбесі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 68-бабында келтірілген.

Тұрғын үйді алуға кезекке тұру үшін мұқтаж ретінде есепке қою үшін әкімдікке жүгіну қажет. Осы сілтеме бойынша өтіп, қызметті порталда онлайн алуға және қажетті құжаттар тізімімен танысуға болады.  

 

Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту

Меншікті түрғын үйдің құрылысын ынталандыру үшін әкімдіктерде жер участкесіне кезекте тұрған адамдарға инженерлік коммуникациялары өткізілген учаскелер берілетін болады. Осы мақсаттар үшін, жыл сайын республикалық бюджеттен көп пәтерлі және жеке тұрғын үй құрылысы аудандарына қажетті инфрақұрылымды өткізуге 80 млрд. теңге бөлу көзделді. Оның ішінде, жыл сайын жеке тұрғын үй құрылысына арналған 40 мың жер учаскелеріне электрмен- және сумен жабдықтайтын желілер өткізілетін болады.

Сонымен қатар, 2017 жылдан бастап өңірлердің облыс орталықтары мен перспективті елді мекендерде ЖТҚ пилоттық жобасын іске асыруы басталды. Сәйкес көрсеткіштерімен дайын тұрғын үй сатып алу ниеті туралы кезекте тұрған адамдардың өтініштері негізінде, әкімдіктер кезектегілердің соңғы тізімін қалыптастырады және жергілікті өндірістің материалдарын және Үй құрылысы комбинаттарының технологияларын қолдану арқылы, бірыңғай сәулеттік стильде бір шаршы метрінің бағасы 120 мың теңгеден аспайтын жеке тұрғын үй құрылысын үйымдастырады. Үйлердің 6 үлгілік жобасы әзірленіп,  әрі қарай қолдану үшін өңірлерге жіберілді.

Салынған жеке тұрғын үйлер әкімдіктерде жер учаскелеріне кезекте тұрған адамдарға өз қаражаты есебінен немесе Тұрғын үй құрылыс жинақ банктің жеңілдетілген қарыздары есебінен сатып алуға ұсынылатын болады. Мемлекет 7%-ға дейін субсидия ұсынады, ал қарыз алушыға кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі 5%-ды құрайтын болады.

Жеке тұрғын үйді салуға жер учаскесін алу үшін әкімдікке жүгініп, жергілікті атқарушы органда есепке тұру қажет. Жеке куәлік көшірмесін ұсынып, өтінішті толтыру қажет, кезектегі адамдар тізімін әкімдіктердің сайттарында көруге болады. 

ЖТҚ пилоттық жобасынан дайын тұрғын үйді алу үшін әкімдікке жүгініп, жер учаскесіне кезекке тұру және таңдалған үй өлшемдерімен дайын үйді сатып алу ниеті туралы өтініш беру қажет.

 

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы өткізілетін кредиттік тұрғын үй салу

2016 жылы Ұлттық қордан кредиттік тұрғын үй құрылысы үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару есебінен 67 млрд. теңге бөлінген болатын. 2016-2017 жылдар кезеңінде алаңы 225 мың ш. метрді құрайтын 3286 пәтер салынды, ал 2018 жылға дейін тағы шамамен 405 мың ш. метр (немесе 6676 пәтер) тапсыру жоспарланды.

Бағдарламаның осы бағытының шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың кредиттік тұрғын үй енгізу көлемдері ұлғаятын болады. Бұл үшін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және «Самырұқ-Қазына» ЖМ» АҚ бұрын бөлінген қарыз қаражаттарын қайта бөлу есебінен құрылыстың қаржыландыруын ұлғайту көзделеді. Қаражатты «револьверлік» қағидаты бойынша, әр 2 жылдағы айналысымен пайдалану жоспарланады.

Салынған кредиттік тұрғын үй Тұрғын үй құрылыс жинақ банктің салымшылары және осы банктің салымшылары болатын әкімдіктердекезекте тұрған адамдар арасында қолжетімді баға бойынша бөлінетін болады.

Кредиттік тұрғын үйді алу үшін мұқтаж ретінде есепке қою үшін әкімдікке жүгініп, ТұрғынҮйҚұрылысЖинақБанкінде депозит ашу қажет, өйткені салынған кредиттік тұрғын үй  ТұрғынҮйҚұрылысЖинақБанкінің салымшылары  және ТұрғынҮйҚұрылысЖинақтауБанкінінің салымшылары болып табылатын әкімдікте кезекте тұрған адамдар арасында қолжетімді бағамен үлестірілетін болады. Осы сілтеме бойынша өтіп, қызметті порталда онлайн алуға және қажетті құжаттар тізімімен танысуға болады.  

ТұрғынҮйҚұрылысЖинақБанкінде шот ашу үшін жеке куәлікпен банктің менеджеріне жүгіну қажет.  

Осылайша, іске асырудың құны Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында 180 мың теңгеге дейін, қалған өңірлерде 140 мың теңгеге дейін құрайтын болады.

Сондай-ақ, Бағдарламаның шеңберінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-пен және «Самырұқ-Қазына» ЖМ» АҚ-пен бастаған тұрғын үй құрылыс объекттерінің құрылысы аяқталатын болады, олар бұрын қабылданған «Нұрлы жол» және Өңірлерді дамыту бағдарламаларының шарттары бойынша бөлінетін болады:

- «Бәйтерек девелопмент» АҚ-тың желісі бойынша тұрғын үйлер ЖАО-да кезекте тұрған адамдарға сатып алу үшін ұсынылатын болады (6175 пәтер (377,9 мың ш.м) енгізілуі қамтамасыз етілді, 2017-2018 жылдары қосымша 3656 пәтер (210,8 мың ш.м) тапсырылатын болады);

- «ҚИК» АҚ-тың тұрғын үйлері ЖАО-да кезекте тұрған адамдарға сатып алу құқығымен жалға беріледі (Барлығы 15 247 жалға берілетін пәтер салынды және сатып алынды, 2017-2018 жылдары қосымша 5 436 пәтер тапсыру жоспарланды);

- «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың үйлері адамдардың барлық санаттарына сатып алу үшін арналған (2018 жылы 306,4 мың ш. метр коммерциялық тұрғын үй (немесе 6048 пәтер) ШҚО және Астана, Алматы қалаларында енгізілетін болады).

 

Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру

Сондай-ақ, Бағдарламаның шеңберінде жеке құрылыс салушылардың кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін субсиидялау есебінен коммерциялық тұрғын үй құрылысын ынталандыру көзделеді. Осы мақсаттарға Ұлттық қордан жыл сайын, 3 жыл ішінде 11 млрд. теңге бөлу көзделген.

Құрылыс салушылардың қарыздары бойынша пайыздың ставкалары 7% мөлшерінде субсидияланатын болады. Бұл ретте, құрылыс компаниялармен салынған тұрғын үйдің 50% бір шаршы метріне белгіленген баға бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банктің салымшыларына сатып алуға ұсынылатын болады: Астана мен Алматы қалаларында 260 мың теңгеге дейін және қалған өңірлерде 220 мың теңгеге дейін.

 

Жеке құрылыс салушыға субсидияланған кредитті қалай алуға болады?

1-қадам. Заңды тұлға ЕДБ-ге тұрғын үй салу үшін кредит алуға құжаттар мен субсидия алуға өтініш береді.

2-қадам. ЕДБ ішкі құжаттармен белгіленген процедураларға сәйкес төлем қабылеттілікті және кепілге салынған мүлікке бағалауын жүргізеді.

3-қадам. ЕДБ-тің кредит беру туралы оңтайлы шешімі қабылданған жағдайда, заңды тұлға субсидия алу үшін әкімдіктердің жаңындағы Өңірлік үйлестіруші кеңеске өтініш береді.

4-қадам. ӨҮК құжаттардың Бағдарламаның талаптарына сәйкестігін тексереді және субсидиялау туралы шешім қабылдайды.

5-қадам. ЕДБ-мен алған шешімнің негізінде қарыз алушымен және «Даму» АҚ-пен банктік қарыздың келісімін және субсидиялаудың келісімін жасасады.

Ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру

Екінші деңгейдегі банктермен (ЕДБ) халыққа жаңа тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген ипотеканы беруді қамтамасыз ету мақсатында Үкімет 2017 жылдан бастап халықтың қарыздары бойынша сыйақы ставкаларының бөлігін, соңғы қарыз алушы үшін жылдық 10 %-ға дейін ставкасын қысқартып  өтеуге (субсидиялауға) кірісті. Осы мақсатқа Ұлттық қордан жыл сайын, 10 жыл ішінде 10 млрд. теңге бөлу көзделді.

Банкте жеңілдетілген ипотека алу үшін, адамдар өздері бастапқы нарықтан пайдалануға енгізілген (жаңа) тұрғын үйді таңдап алуға және расстайтын құжаттармен қоса субсидиялау жүйесіне қатысатын банкке жүгіну қажет.

Бұл ретте, сатып алынатын тұрғын үйдің құнынан 30% бастапқы жарнаға ие болу шарт. Астана мен Алматы қалаларында 20 млн. теңгеге дейін, қалған өңірлерде 15 млн. теңгеге дейін ипотеқалық қарыздар субсидиялауға жатады. Банктер еншқандай комиссияларын алмайды.

Бағдарламаның осы бағытына қатысуға ниетті банктердің тізімі ҚИК-тің сайтында көрсетілген, ол Бағдарламаның операторы ретінде субсидиялау туралы шешім шығарады.

«Нұрлы жер» бойынша ипотека құнының алдын ала есебін бағдарламаның операторларының және ЕДБ сайттарында өзіндік жасауға болады.

2017 жылғы 1 қыркүйегіне орай  азаматтардың өтініштерін мына банктер қабылдап жатыр: «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Bank ВТБ» АҚ, «ЖССБК» АҚ.

Кредиттеу 13 өңірде басталды (ОҚО, СҚО және Павлодар облыстарын қоспағанда).

 

ЕДБ ұсыну үшін қажет негізгі расстайтын құжаттар (қажет болған жағдайда банк қосымша құжат жиынтығын сұрауға құқылы):

  1. Жеке куәлік.
  2. Неке қию/ бұзу туралы куәлік.
  3. Жалақы туралы анықтама.
  4. Тұрғын үйді бағалау туралы есеп.
  5. Жылжымайтын мүлікке құқықты растайтын құжаттар.
  6. Қарыз алушының бастапқы жарнасын растайтын көшірмесі.
  7. Сатып алынатын тұрғын үйге ауырпалықтың жоқтығы туралы анықтама.

 

Субсидияланған ипотеканы қалай алуға болады?

1-қадам. Жеке тұлға ЕДБ-ге бастапқы тұрғын үйді сатып алу үшін ипотекалық қарыз алуға құжаттар және субсидия алуға өтініш ұсынады.

2-қадам. ЕДБ, ішкі құжаттарымен белгіленген процедураларына сәйкес төлем қабылеттілікті және кепілге салынған мүліктің бағалауын жүргізеді.

3-қадам. Ипотекалық қарыз беру туралы оңтайлы шешім қабылданған жағдайда банк 3 жұмыс күн ішінде «ҚИК» АҚ-қа субсидия беру туралы қолдаухат жібереді.

4-қадам. «ҚИК» АҚ 5 жұмыс күн ішінде Бағдарламаның талаптарына құжаттардығ сәйкестігін тексереді және субсиидиялау туралы шешім қабылдайды.

5-қадам. ЕДБ алынған шешімнің негізінде қарыз алушымен банктік қарыз келісімін, төлемдер кестесіне, ипотекалық келісім жасасады.

 

Дереккөз: Egov.kz

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper