28.05.2018 07:17

327.42
383.51
51.26
4.81
5.29
69.27


Қалай кәсіпкер болуға болады? Кәсібін жаңадан бастаған бизнесмен нені білуі керек?

Сейсенбі, 01 Тамыз 2017 16:16

Кәсіпкерлік деген не? Кәсіпкерлік субъектілері кімдер болып табылады? Кәсіпкерліктің қызмет ету талаптары қандай? Бұл сұрақтарға Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталының мамандары жауап береді.

 

Кәсіпкерлік түсінігі

ҚР Кәсіпкерлік кодексінде аталып өткендей, кәсіпкерлік дербес, бастамашыл қызмет болып табылады.

Кәсіпкерлер мүлікті, өндірісті пайдалануда, тауарларды сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді келесі құқықтарда көрсетуде таза табыс алады.

 

Кәсіпкерлік субъектілері

Кәсіпкерлік субъектілері мыналар болып табылады:

  • азаматтар,
  • кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын оралмандар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар  (жеке кәсіпкерлік субъектілері),
  • мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері).

Жеке тұлға, кәсіпкерлік субъектісі ретінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс (ЖК).

Кәсіпкерлік субъект ретінде заңды тұлға ұйымдастыру-құқықтық нысанда құрылады (ҰҚН).

 

Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары

Кәсіпкерлік субъектілері келесі санаттарға жатады:     

  • шағын кәсіпкерлік субъектілері, соның ішінде микро кәсіпкерлік субъектілері;
  • орта кәсіпкерлік субъектілері;
  • ірі кәсіпкерлік субъектілері.

Сол немесе өзге санатқа жатқызу мыналарға байланысты:

  • жұмыскерлердің жылдық орташа саны
  • жылдық орташа табыс    

Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлердің жылдық орташа саны  барлық жұмыскерлерді ескерумен анықталады, соның ішінде:

  • аталмыш субъектінің басқа оөшауланған бөлімшелері және өкілдіктері, филилалдарының жұмыскерлері
  • жеке кәсіпкердің өзі.     

Жылдық орташа табыс деп келесі сома есептеледі

  • жиынтық жылдық табыс
  • немесе кәсіпкерлік субъектілерінің табыстары

Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке кәсіпкерлер:

  • заңды тұлға түзусіз
  • және жұмыскерлерінің жылдық орташа саны келесіден аспайтын, кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар:
    • 100 адамнан артық емес
    • және орташа жылдық табысы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында әрекет ететін және республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген  үш жүз мың АЕК аспайтын орташа жылдық табыс, тиісті қаржылық жылдың 1 қаңтарында әрекет ететін және республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген.
          

Микрокәсіпкерлік субъектілері:

  • жұмыскерлердің келесі жылдық орташа табысымен жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілері
  • он бес адамнан артық емес
  • тиісті қаржылық жылдың 1 қаңтарында әрекет ететін және республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген отыз мың есе АЕК аспайтын жылдық орташа табысымен.

Орта кәсіпкерлік субъектілері төмендегі қызметтерді жүзеге асыратын ЖК және ЗТ болып табылады:

  1. есіртік заттары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымымен байланысты қызмет;
  2. акцизді өнім өндірісі және (немесе) көтерме өткізу;
  3. нан қабылдау орындарындағы астықты сақтау бойынша қызмет;
  4. лотереялар өткізу;
  5. ойын бизнесі саласындағы қызмет;
  6. радиобелсенді материалдармен байланысты қызмет;
  7. банк қызметі (немесе банк операцияларының жеке түрлері) және сақтандыру нарығындағы қызмет (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);
  8. аудиторлық қызмет;
  9. бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет;
  10. несие бюросының қызметі;     
  11. күзет қызметі;
  12. азаматтық және қызметтік қару және оған патрондар айналымымен байланысты қызмет.

Ойын бизнесі, бекітілген салық және бірыңғай жер салығына  салық төлеушілер болып табылатын кәсіпкерлік субъектілері үшін  жұмыскерлер саны бойынша белгіні пайдаланады.

Ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатындар

  • жеке кәсіпкерлер
  • және заңды тұлғалар

Ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін белгілер мыналар болып табылады:

  • жұмыскерлердің жылдық орташа саны 250 адамнан артық емес
  • тиісті қаржылық жылдың 1 қаңтарында әрекет ететін және республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген үш миллион есе АЕК жоғары орташа жылдық табыс.

 

Кәсіпкерлердің құқықтары

Жеке кәсіпкерлік субъектілері:

  1. егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрлерін жүзеге асыруға, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер нарықтарына қол жеткізу еркіндігінің болуына;
  2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалдамалы еңбекті пайдалана отырып, кәсіпкерлікті жүзеге асыруға;
  3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен филиалдар мен өкілдіктер құруға;
  4. осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өндірілетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаны дербес белгілеуге;
  5. тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды дербес жүзеге асыруға;
  6. өзінің құқық қабілетілігі шегінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға;
  7. кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін құруға және оларға қатысуға;
  8. жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы сараптамалық кеңестердің жұмысына қатысуға;
  9. кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзған және (немесе) заңды мүдделерін іске асыруына кедергі келтірген адамдарды жауаптылыққа тарту мәселелері бойынша құқық қорғау органдарына және өзге де мемлекеттік органдарға жүгінуге;
  10. өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа, төрелікке, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге және өзге де органдарға жүгінуге;
  11. татуласу рәсімдері арқылы дауларды реттеуге;
  12. кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстарды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның қарауына енгізуге;
  13. кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі шаралары ретінде әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салалардағы жобаларды іске асыруға қатысуға;
  14. Қазақстан Республикасының заңдарымен шектелмеген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

 

Кәсіпкерлердің міндеттері

Кәсіпкерлік субъектілері:

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
  2. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге;
  3. тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы толық және анық ақпарат беруге;
  4. қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруды бастау үшін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат алуға не хабарлама жіберуге;
  5. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға;
  6. табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға;
  7. табиғи және энергетикалық ресурстарды пайдаланудың және қызметті жүзеге асыру процесінде оларды басқарудың тиімділігін арттыруға;
  8. осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

 

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper