24.01.2019 06:10

378.54
429.79
55.82
5.43
5.72
71.19


Тегін дәрі-дәрмекті қалай алуға болады? (ИНФОГРАФИКА)

Жұма, 21 Желтоқсан 2018 14:36

ҚР Денсаулық сақтау министрінің жаңа бұйрығына сәйкес, халық аурудың 45 түрлі  тобы бойынша 274 түрлі дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етіледі. Ал бұл дәрілерді қалай және қайдан алуға болады?

«Қазақстанда көптеген аурулармен ауыратын науқастар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Бұл кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде жүзеге асырылады. ҚР Денсаулық сақтау министрінің жаңа бұйрығына сәйкес, халық аурудың 45 түрлі  тобы бойынша 274 түрлі дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етіледі. Дәріні учаскелік немесе салалық дәрігер жазып береді. Ал, тегін дәрі беретін дәріханалардың тізімін емханадан сұрап білуге болады», - деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры Забира Оразалиева.

Сонымен, тегін дәрі-дәрмек қандай топтарға беріледі? Қандай дәрілерді тегін алуға болады? Оны алу үшін қай дәрігерге жолығып, қандай құжаттар жинау қажет?

Назарларыңызға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жұртшылықпен байланыс департаментінің мамандары дайындаған кезекті инфографика - тегін дәрі-дәрмек мәселесін қарапайым тілмен түсіндіріп, маңызды деген сұрақтарға жауап береді.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper