19.11.2018 06:58

367.06
416.17
52.84
5.27
5.56
68.88


Елбасы «7 – 20 – 25» бағдарламасын ұсынды

Дүйсенбі, 05 Наурыз 2018 18:07

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республика Парламенті палаталарының бірлескен отырысында әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру туралы бастама қозғады.

Елбасының айтуынша, жұмыс істейтін әрбір адам несиеге пәтер сатып алып, оны отбасылық бюджетінің мүмкіндіктері аясында төлей алатындай болуы үшін арзан ресурстар ұсынатын тетіктер қажет.  

- Сондықтан, мен «7 – 20 – 25» бағдарламасын ұсынамын. Жұмыс істейтін әрбір қазақстандық төмендегідей шарттар бойынша теңгемен несие алу мүмкіндігіне ие болады.

Несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 проценттен аспайтын болады.

Қазір банктер бастапқы жарнаға баспана құнының 30 процентіне дейін, кейде тіпті 50 процентін салуды талап етсе, бұл бағдарлама бойынша ол 20 проценттен аспауға тиіс.

Несие алушының ай сайынғы төлемін азайту үшін оның мерзімі 10-15 емес, 25 жылға дейін болады.

Ол үшін Ұлттық банктің, екінші деңгейлі банктер мен қор нарығының мүмкіндіктерін іске қосу керек.

Ұлттық банк кемінде 1 триллион теңге қаржы тартатын арнайы компания құрып, ол қаржыны банктердің жоғарыда айтылған шарттар бойынша беретін жаңа ипотекалық несиелерін сатып алуға жұмсауы қажет.

Бағдарламаны жүзеге асыру тұрғын-үй құрылысына зор серпін береді, - деді.

Нәтижесінде, миллиондаған қазақстандық үшін баспана алудың қолжетімділігі  артады.  Сонымен қатар, бұл экономиканың, шағын және орта бизнестің өрістеуіне жұмыс істейді, жаңа жұмыс орындарын ашады.

Айта кетерлігі, 2017 жылы 11,2 миллион шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға берілді.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper