19.11.2018 06:53

367.06
416.17
52.84
5.27
5.56
68.88


Оралдықтар пәтер кілтіне ие болды

Бейсенбі, 07 Желтоқсан 2017 15:51

Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 180 клиенті «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында пәтер кілтіне ие болды.

Тоғыз қабатты тұрғын үй «Көктем» ықшамауданында орналасқан. Бұл ауданда дамыған инфрақұрылым бар, жаңа балалар ауруханасы, 1200 орындық мектеп, дене тәрбиесі-сауықтыру кешені, екі балабақша салынған.

Пәтерлер әкімдік желісі бойынша сатылды. 1 шаршы метрдің бағасы 133 000 теңгені құрады.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттері «Baspana.kz» жылжымайтын мүлік порталы арқылы қатыса алады. Нысан құрылысы аяқталмай жатып-ақ банк порталда бір айға созылатын дауыс беру басталғаны туралы хабарландыру жариялайды. ТҮҚЖБ клиенті салынып жатқан нысанның жайлылық санатын, бағасы мен әрлеуін хош көрсе, порталда өтініш беру арқылы өз дауысын береді. Дауыс беру аяқталған соң ұпай есебі автоматты түрде жүргізіліп, пәтер сатып алушылар пулы қалыптасады. Ұпай саны шотқа ақшаның қаншалықты тұрақты салынып тұрғанына байланысты түзіледі.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper