19.11.2018 07:06

367.06
416.17
52.84
5.27
5.56
68.88


Алматы облысының 18 миллионыншы тұрғынына пәтер берілді

Жексенбі, 03 Желтоқсан 2017 18:16

Алматы облысының 18 миллионыншы тұрғыны Мүслима Саматқызының отбасына облыс әкімі Амандық Баталов үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Бұл күні кішкентай  Мүслиманың ата-анасы Санат Бестібаев пен Диана Омархановадан бөлек 100-ден астам талдықорғандықтар жаңа пәтерге ие болды.

Жаңа қоныс иелерін құттықтаған Амандық Баталов:

- Осында тұрған баршаңыздың өмірлеріңіздегі ең жарқын сәттердің бірі болатын бүгінгі қуаныштарыңызбен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Әрдайым отбасыларыңызда береке-бірлік, ынтымақ пен келісім ұялап, шаңырақтарыңыз шаттыққа тола берсін, - деді.

 

АҚПАРАТ

Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында соңғы 5 жылда жалпы көлемі 170,2 мың шаршы метр болатын 29 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Нәтижесінде 2 мыңнан астам отбасы баспаналы болды.

Бұл күні қалада мемлекет қаржысы есебінен тағы 8 және жеке инвестициялар есебінен 4 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper