22.07.2018 18:08

346.68
404.02
51.15
5.1
5.47
72.23


Оңтүстік Қазақстан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасымен көпқабатты 364 тұрғын үй салынуда

Бейсенбі, 02 Қараша 2017 16:01

Бүгін Оңтүстік Қазақстанға жасаған жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Шымкент қаласындағы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмысымен танысты.

 http://ontustik.gov.kz/sites/default/files/news/1_225.jpg

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, биыл қаржыландырудың барлық көздері арқылы 279 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатса, бүгінде 461,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

Өңірде аталған бағдарламамен құрылысы жүріп жатқан жұмыстардың барысын баяндаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды кредиттік тұрғын үй сатып алуға мүмкіндігі жоқ 35 мың отбасыны арендалық баспанамен қамту үшін облыс көлемінде 1 миллион 700 мың шаршы метрден астам тұрғын үй қорын құру қажеттігін атап өтті.

 

АҚПАРАТ

Оңтүстік Қазақстан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасымен көпқабатты 364 тұрғын үй салынуда. Оның ішінде ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру жобасымен 96 тұрғын үй, ал жеке құрылыс салушылар есебінен 107 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілсе, тұрғын үй құрылыс жинақтар жүйесі арқылы 73 кередиттік тұрғын үй салынуда. Бұдан бөлек, жалға берілетін тұрғын үй қоры арқылы 88 жеке тұрғын үйдің құрылысы қолға алынатын болады.

Жалпы «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынатын тұрғын үй құрылысына 21,8 млрд теңге көлемінде мемлекеттік инвестиция бөліну жоспарланса, жыл соңына дейін 61,1 мың шаршы метр болатын 1126 пәтерді құрайтын тұрғын үй пайдалануға беріледі.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper