22.07.2018 18:11

346.68
404.02
51.15
5.1
5.47
72.23


Биыл ТҮҚЖБ мемлекеттік сыйақысының ең жоғарғы сомасы 90 760 теңге

Жексенбі, 05 Қараша 2017 11:35

Биыл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мемлекеттік сыйақысының ең жоғарғы сомасын 90 760 теңге деп бекітті.

Бұл жөнінде бүкіләлемдік Жинақ күніне орай ұйымдастырылған, 2017 жылдың 9 айындағы банк қызметінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова хабарлады.

- Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде уақтылы төленбей, мерзімі 90 күннен өтіп кеткен заемдар, яғни NPL деңгейі 0,33%-ға тең. Бұл – елдегі екінші деңгейлі банктер арасындағы ең үздік көрсеткіш. Депозит бойынша табыстылықтың жылдық мөлшерлемесі 2%-ға тең. Бұған қоса салым ақшасына жыл сайын мемлекет тарапынан 20% көлеміндегі сыйақы да қосылады. Осы жылы мемлекеттік сыйақының ең жоғарғы сомасы 90 760 теңгені құрады. Яғни жылына 450 000 теңгеге дейін ақша жинай алатын адамдар үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ең үздік шарт – жылдық мөлшерлемесі 22%-ға жуық табыстылық ұсынып отыр, - деп атап өтті Ләззат Ибрагимова.

Айта кетерлігі, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының депозит базасы осы жылы 30%-ға артты. Қазіргі уақытта банкте 477,3 млрд теңгенің 988 152 депозиті бар. Елдегі барлық ипотекалық несиелердің 75 пайызын осы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі берген. 2017 жылдың 9 айында қазақстандықтар үйлі болу үшін екінші деңгейлі банктерден 223 млрд теңге алса, оның 168 млрд теңгесін ТҮҚЖБ бөліп отыр. Жалпы жыл басынан бері 28 990 қазақстандық отбасы ТҮҚЖБ көмегімен тұрғын үй жағдайын жақсарта алған.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper