15.11.2018 19:28



Оңтүстікте 16 тұрғын үй «7-20-25» бағдарламасы арқылы беріледі

Бейсенбі, 26 Сәуір 2018 11:04

Бұл жөнінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Тұлпар мөлтек ауданындағы көп қабатты тұрғын үйдің кілтін табыстау салтанатында хабарлады.

Пайдалануға берілген «Тұлпар» тұрғын үй кешеніндегі пәтердің кілті «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша оңтүстікқазақстандық 72 отбасыға берілді.

Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Елбасының жариялаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуінің барлық бағыттары бойынша облыста тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын айтып;

- Үндеудің бірінші бағыты «7-20-25» бағдарламасын өңірде сәтті жүзеге асыру үшін осы жылы жеке салушылар арқылы 104 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 16 тұрғын үй жыл қорытындысымен пайдалануға беріліп, барлық пәтерлерді «7-20-25» бағдарламасы арқылы тарату көзделуде, - деді.

Бүгінде жарияланған бес әлеуметтік бастаманың нәтижесінде жеке инвесторлар облыста тұрғын үй құрылысын салуға қызығушылық танытуда. Ағымдағы жылдың сәуір айында құны 7,9 млрд теңгені құрайтын 14 көпқабатты тұрғын үй (768 пәтер, 53,2 мың ш.м.) құрылысына екінші деңгейлі банктен несие алған жеке құрылыс салушыға Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен 7 пайыздық субсидия беру қолдау тапты. Аталған тұрғын үй құрылысы ағымдағы жылы пайдалануға беріледі.

Бүгінгі пайдалануға беріліп жатқан тұрғын үйлер «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде «Самұрық Қазына» АҚ-ы және «Ақмойнақ» ЖШС-і қаражаттары есебінен бірлесіп салынды. Жалпы аталған тұрғын үй кешенінде 3 қабатты 36 пəтерлі екі үй, 5 қабатты 48 пəтерлі екі тұрғын үй бой көтерген. 

Алдағы уақытта Шымкент қаласында тұрғын үй құрылысын қарқынды жүргізу мақсатында көптеген жобалар іске асырылатын болады.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper