19.11.2018 06:58

367.06
416.17
52.84
5.27
5.56
68.88


2017 жылы Астанада 2 млн 360 мың шаршы метр баспана салынды

Жұма, 06 Сәуір 2018 16:43

Бұл жөнінде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев Елбасының қатысуымен өткен елорданы одан әрі дамыту мәселелеріне арналған жиында мәлімдеді.

Қала басшысының айтуынша, «Бұл республикада салынған баспана көлемінің 25% - ын құрайды».

Қазіргі уақытта Астанада жаңа үйлер бой көтеретін 4 аумақ пен қаланың ескі бөлігін ықшамдау, көпорталықтандыру мен қолжетімділік қағидалары бойынша жаңарту бағдарламасы анықталды. Бұған қоса, мұнда баспананың 17 млн-нан астам шаршы метрі салынуы мүмкін.

«Бас жоспарға қатысты сіздің берген тапсырмаңызды орындау барысында біз Үкіметпен бірлесіп, алдағы 5 жылға арналған қаланы дамыту бағдарламасына өзгерістер енгіземіз. Кезеңділік пен қаржыландыруды анықтау есепке алына отырып, физикалық және әлеуметтік инфрақұрылымдар мерзімінен бұрын салынады. Халықаралық байқаудың қорытындыларына сәйкес, 30 сәуірге дейін біз 2 млн адам тұратын қаланы дамыту жоспарының 5 нұсқасын алып, мамырда сізге ұсынатын боламыз. Бұл байқауға Ұлыбритания, Канада, Сингапур және Ресей сияқты елдердің ірі консорциумдары қатысып жатыр», - деді Әсет Исекешев.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper