26.09.2018 20:41

359.76
423.26
52.34
5.21
5.47
58.86


2,7 млрд теңгеге гепатитке қарсы перепараттар сатып алынды

Сейсенбі, 30 Қаңтар 2018 12:06

2018 жылға қазақстандықтарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 2,7 млрд теңгеге вирустық гепатитті емдейтін 5 препараттың атауы және В вирустық гепатитына қарсы вакцина сатып алынды, - деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, 2018 жылғы тегін дәрімен қамтамасыз ету тізіміне  C вирусты гепатитін емдеудің заманауи хаттамаларына сәйкес Софосбувир және Даклатасвир жаңа атаулары енгізілді. Осы дәрілерді жеткізуді БҰҰ Даму бағдарламасы арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ биылғы жылы созылмалы гепатит B вирустық инфекциясының алдын алу үшін және оның ауыр зардаптары, соның ішінде бауыр циррозы және гепатоклеткалы ракқа  445 400 доза вакцина сатып алынды.

Балаларды ерте жастан  В вирустық гепатитке қарсы вакцинациялау ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді.

 

АҚПАРАТ

Вирустық гепатит аураларын емдеуге арналған препараттардың қолжетімділігі 2018 жылы алдыңғы жылдармен салыстырғанда 3,6 есеге артты.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper