23.02.2018 04:38

319.68
392.95
50.26
4.7
5.63
84.09


Қазақстандықтарды тегін дәрілермен қамтамасыз ету ерекше бақылауда

Жұма, 05 Қаңтар 2018 14:13

Қазақстандықтарды тегін дәрілермен қамтамасыз ету ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ерекше бақылауында.

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов денсаулық сақтау басқармасы, фармация комитеті және «СК-Фармация» басшыларының қатысуымен селекторлық жиын өткізді.

Тегін дәрілерді есепке алу және өткізуді сатып алу туралы айтқан «СҚ-Фармация» ЖШС басқарушы директоры -  басқарма мүшесі Гүлнәр Омарова:

- Қызмет сатып алынатын аймақтарда диспансерлік емделушілерге дәрі компанияның конкурста жеңіске жеткен дәріханалар жүйесі арқылы беріледі.  Тендер қорытындысы 25 қаңтарда белгілі болады. Ал сатып алу қызметі өткізілмейтін аймақтарда, Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ СҚО, ШҚО, Павлодар, Қарағанды, Алматы, Атырау облыстарының денсаулық сақтау басқармасы тегін дәрілерді емхана жанындағы дәріхана пукттері арқылы беруге шешім қабылдады. Сатып алу қызметінен бас тартудан үнемделген ақша, қосымша дәрі  сатып алуға бағытталды, - деді.

Қазіргі уақытта дәрі-дәрмектерді тасымалдау және сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алу бойынша тендер өткізілуде. Логистикалық қызметтерді көрсететін компаниялар 26 қаңтарда белгіленетін болады  және 2018 жылғы екінші тоқсанынан бастап төртінші тоқсанға дейін қызмет көрсетеді.  Сонымен бірге 12 өңір үшін осы қызмет бірінші тоқсанға сатып алынған. Ал сатып алу жеңімпазы анықталмаған кезде сатып алу қорытындысы шығаруға дейін ДЗ мен ММБ тиеуді қолданыстағы логистер арқылы жүзеге асырылатын болады.   

Сонымен қатар жиналыста құрамында есірткі, психотроптық құралдары мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды жеткізу мәселесіне үлкен назар аударылатындығы айтылды. Бұл күні Бірыңғай  дистрибьютор осы фармқызметті сатып алуды өткізуде, оның қорытындылары 16 ақпанда белгілі болады.

Отырыста нашақорлық құралдарға квоталарды қалыптастыру тәртібі туралы айтқан Фармация комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова:

- Медициналық ұйымдар келесі күнтізбелік жылға құрамында есірткі, психотроптық құралдары мен прекурсорлар бар дәрілік заттарға қажеттілікті  жыл сайын қалыптастырады,  одан кейін қажеттілік көлемін ҚР ІІМ бекітеді. Ал ҚР СІМ, өз кезегінде, БҰҰ нашақорды бақылау жөніндегі халықаралық комитетінің штаб-пәтеріне халықаралық квоталарын бекіту үшін келесі жылға Қазақстан Республикасының есірткі заттар мен психотроптық заттарға деген қажеттілігі нормасын жібереді. ҚР ІІМ ақпараты бойынша бүгінгі күні халықаралық квоталар бекітілген, - деді.

Бұдан өзге, жиналыста екпенің қажетті көлемін сатып алу мәселесі қарастырылды. Сондай-ақ, балаларды егу жұмыстары  қолданыстағы ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес іске асырылатыны да баса айтылды.

 

АҚПАРАТ

Қазіргі уақытта Бірыңғай дистрибьютор бір мезгілде бірнеше сатып алу шараларын қатар өтікізуде. Амбулаториялық және стационарлық дәрілер мен медициналық бұйымдарды  тікелей сатып алу жүзеге асырылуда.  Бұдан басқа, алғаш рет дәрілерді сақтау және тасымалдау бойынша, 8 аймақ үшін дәрілерді есепке алу және өткізу бойынша және құрамында есірткісі, психотроптық заттар және прекурсорлары бар дәрілік заттар үшін фармацевтикалық қызметті орталықтандырылған сатып алу ұйымдастырылды.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper