19.11.2018 07:17

367.06
416.17
52.84
5.27
5.56
68.88


2018 жылға дәрі-дәрмек сатып алу шарасы басталды

Жұма, 05 Қаңтар 2018 10:23

Қазақстандықтарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 62,5 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа тоғыз айлық қажеттілікті өтеу үшін 488 түрлі дәрі-дәрмек сатып алынады.

Бұл күні дәрілік заттарды жеткізушілердің тендерге қатысу туралы өтінімдері бар конверттің ашылу рәсімі өтіп, олардың әрбір өнім үшін ұсынған бағалары жарияланды. Барлығы 33 әлеуетті өнім беруші тендерлік құжаттамасы бар өтінімдер берген. Шараның айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында конверттерді ашу рәсімі бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» компаниясының сайтында және Facebook парақшасында нақты уақыт режимінде көрсетілді.

Тендер барысында тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде медициналық қызмет көрсететін стационарлар, сондай-ақ емханаларда диспансерлік есепте тұратын емделушілерді амбулаторлық қамтамасыз етуге қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сатып алынады.

Енді, 18 қаңтарға дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «СК-Фармацияның» негізгі қызметкерлерінен тұратын тендерлік комиссия әлеуетті өнім берушілер ұсынған тендерлік құжаттаманы зертеп, өз ескертулерін айтып, оны фармкомпаниялар 24 қаңтарға дейінгі мерзімде түзете алатын болады. Тендерге қатысуға жіберілген қатысушылар арасында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы құралдардың төмендетілген бағаларына деген аукцион 1 ақпанда өткізіледі. Сондай-ақ, бұл күні қандай компаниялар республика халқына тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемін көрсету үшін дәрі-дәрмектерді жеткізетін болатындығын айқындалады. Ақпанда сатып алынған дәрі-дәрмектер Бірыңғай дистрибьютор қоймаларына жеткізіле басталуы жоспарлануда.

 

АҚПАРАТ

«СҚ-Фармация» қоймаларына 2017 жылғы желтоқсаннан бастап-ақ отандық өндірушілермен жасасқан шарттар шеңберінде 450 дәрі-дәрмек атауы, тікелей шарттар бойынша шетелдік өндірушілерден 94 препарат және орфандық препараттарға тендерлер нәтижелері бойынша сатып алынған 40 дәрі-дәрмек атауы жеткізілген болатын. Енді тағы да ЮНИСЕФ және БҰҰДБ халықаралық ұйымдарымен шарт жасасу аясында 15 дәрі-дәрмек атауы жеткізіледі.

Айта кетерлігі, 2017 жылдың желтоқсанында 90 күндік қажеттілікті қамтамасыз ету үшін бір көзден 328 дәрі-дәрмек пен медициналық бұйым атауы сатып алынған болатын.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper