24.02.2018 22:21

319.65
393.33
50.47
4.7
5.67
84.49


Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 6 млрд теңге аударылды

Бейсенбі, 02 Қараша 2017 09:05

Биылғы қазан айында жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ұлттық банктегі шотына 6 млрд теңгеге жуық сақтандыру жарнасын аударды.

Бұл жөнінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылған шілде айынан бері түскен жарналар мен аударымдар мөлшері 18,6 млрд теңгеге жетті. Оның 81 пайызы немесе 15,02 млрд теңгесі жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары. Ал, қалған 19 пайызы немесе 3,54 млрд теңге жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы (жалпы соманың 21,6%) мен Астана (12%) қалалары, сондай-ақ Қарағанды (8,2%) және Шығыс Қазақстан (7,4%) облыстары көшбастап тұр.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper