18.10.2018 04:32

363.26
420.11
52.45
5.25
5.54
63.96


ОҚО-да халықаралық компания онкологиялық орталық салады

Дүйсенбі, 04 Қыркүйек 2017 12:06

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев халықаралық «Industry and Engineering Corporation» компаниясының басқарушы директоры Н.Роузенгари мырзамен кездесті.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы 9,3 млрд теңге болатын 8 білім беру, 3 спорт, 2 денсаулық сақтау нысанына жеке әріптес анықталып, келісім-шарт түзілген облыста ендігі кезекте халықаралық компания мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі арасында келісілген меморандум нәтижесінде өңірдегі инфрақұрылым, жол және денсаулық сақтау сынды бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік ашылды. Жыл соңына дейін жалпы 17 жоба бойынша МЖӘ аясында келісім шарт түзу көзделуде.

Бұдан бөлек, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы Шымкент қаласында онкологиялық орталық құрылысын, «Қауіпсіз қала», Шымкент және Түркістан қалалаларының көшелерін жарықтандыру сынды жобаларды іске асыру жоспарлануда. Кездесу барысында тараптар аймақтағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске асырылуы тиіс өзгеде жобаларды талқылап, осы бағыттағы жұмыстарға инвестиция тарту жайын сөз етті. 

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper