18.10.2018 05:24

363.26
420.11
52.45
5.25
5.54
63.96


Қазығұрт ауданындағы мектеп еліміздегі үздік ондыққа енді

Сәрсенбі, 06 Қыркүйек 2017 10:59

ОҚО Қазығұрт ауданындағы Жамбыл Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты өткен оқу жылының қорытындысы бойынша еліміздегі үздік 10 мектептің қатарына енді.

Мектеп түлектерінің 98%-ы ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсетіп, мемлекеттік грант иелері атанды. Білім ордасының 10 жыл ішінде озат мектептер ондығына енуі – білім ұясы үшін үлкен мәртебе.

Бүгінде аудан, қалалардан келген 400-ге жуық оқушы оқитын мектепте 48 жоғары білімді мұғалім, 2 физика-математика ғылымдарының кандидаты, 2 доцент пен педагогика ғылымдарының кандидаты дəріс береді. 

Жаңабай Ахметов басшылық ететін үш қабатты ғимаратта 29 оқу кабинеті, 2 мультимедиялық кабинет, пәндік кабинеттер, зертханалар мен спорт залы, кітапхана, 7 интерактивті құрылғы, 15 сынып кешені бар. Сонымен қатар, балаларға арналған 300 орындық жатақхана мен үш мезгіл тамақ беріледі. Жаңа оқу жылын жақсы жаңалықпен бастаған білім ошағы осы биікте қалуға ниетті. 

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper