22.07.2018 21:54

346.68
404.02
51.15
5.1
5.47
72.23


Қазақстанда электр машиналарын қуаттайтын станция іске қосылады

Жұма, 08 Қыркүйек 2017 17:41

Қазақстанда электр машиналарды қуаттауға арналған станцияла желісін орнату ісі қолға алынды.

Алматы мен Астана қалаларында алғаш рет электр көліктерін қуаттауға арналған станцияларды орнатудың  пилоттық жобасы қолға алынды. 

Қазіргі уақытта ҚР энергетика Министрлігі пилоттық жоба аясында электр қуаттау станциясына қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді қарастырып жатыр.

Жыл соңына дейін Алматы мен Астана қалаларында жылдам қуаттайтын 100 станция орнатылады.

Жылдам қуаттайтын 20 станция Алматы-Астана республикалық тас жолында орнатылатын болады.

Елордадағы алғашқы станция «Нұрлы Жол» теміржол вокзалы мен әуежай аумағында орнатылса, Алматыда қаланың орталығына қою жоспарланған.

Жаңа электрқуаттаушы станция әлемдік IEC 62196-2 және IEC 61851-1 стандартына сай. Және де электрмобильдерді 1-ден 4 сағат аралығында қуаттап бере алады.  Қуаттау құрылғысы ауыспалы тоқ режимінде жұмыс істейді. ЭҚС бір уақытта 4 бірдей электрмобильді қуаттай алады. Орнатылған әрбір ЭҚС қуаттылығы 51 кВт.

Айта кетерлігі, «Оператор РОП» ЖШС ӨКМ Операторы баспасөз қызметінің хабарлауынша қазіргі уақытта Қазақстан бойынша 200-ден астам электр қуатымен жүретін көлік бар. 

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper