13.11.2019 08:57

388.81
429.01
55.49
5.57
6.08
67.45


Алматыда 142 медицина ұйымында көрсетілген қызмет сапасы тексерілді

Жұма, 05 Сәуір 2019 10:20

Жыл басынан бері Алматыда 142 денсаулық сақтау субъектісінде халыққа көрсетілген қызмет сапасы тексерілді. Бұл туралы Медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы хабарлады.

Хабарламаға сүйенсек биылғы жылдың бірінші тоқсанында анықталған кемшіліктердің 35 пайызы денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелерге енгізілген мәліметтерді қате толтыруға қатысты.

Естеріңізге сала кетсек, Медициналық сақтандыру қоры мамандары емдеу мекемелерін ақпараттық жүйелер арқылы, сондай-ақ, клиникаларға аяқтай барып та тексереді.

«Мониторинг нәтижесінде анықталған кемшіліктердің 24%  құжаттардың дұрыс толтырылмауына байланысты. Көбісі – өте қысқа жазылған. Онда пациенттің денсаулық жағдайынан толық хабар беретін мағлұматтар жоқ», - дейді МСҚ Алматы филиалының мониторинг бөлімі басшысы Әсем Манапбаева.

Айтуынша, филиал мамандары қаладағы 47 медицина мекемесін аяқтай барып тексерген. Оның 23-і – жеке меншік клиникалар. Туберкулез бен онкологиялық сырқаттарға шалдыққан пациенттерге, психикалық аурулармен ауыратын, есірткіге тәуелді азаматтар мен таксикомандарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін субъектілерде ем қабылдаушылар арасында ешбір емханаға тіркелмеген тұрғындар бары анықталды. 

Мониторинг нәтижесі бойынша өрескел кемшіліктерге жол берген медицина ұйымдарына айыппұл салынады.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper