15.12.2018 11:30

371.31
419.32
53.83
5.33
5.59
69.05


Инновациялық әдіспен 33 гектарға пияз егілді

Сенбі, 17 Наурыз 2018 13:00

Оңтүстік Қазақстан облысы Шарадара ауданында көктемгі егіс егу науқаны басталды. Оның ішінде жаушықұмдық диқаншы алғаш болып инновациялық әдіс бойынша пияз егуді бастап кетті. Аталған әдіспен пияз егуді бірнеше жыл бұрын қолға алған «Тұрар» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі  33 гектар алқапқа пияз тұқымын сеуіп шықты.

Шаруаның айтуынша, бұл технология бір мезетте бірнеше жұмысты атқарып шығады екен.  Біріншіден, түйір кесек қалдырмай үгітілген топыраққа 3 см-ден тұқым тастаса, екіншіден тамшылатып суаратын су түтігін қоса көміп кетеді. Сапасы жоғары голландтық пияздың тұқымы біркелкі егілгендіктен шығымы да түгел болады.

- Бір гектарға 5 келідей тұқым кетеді. Жаңа технологияны ендірудің арқасында шығын көлемі бұрынғыдан 5 есе азайып, есесіне өнімділік арта түсті. Өткен жылы әр гектарына 100 тоннадан өнім алдық,- деді «Тұрар» ауыл шаруашылығының төрағасы Юрий Ан.   

Қазіргі күні шардаралық диқан қауымы жер жырту жұмысын аяқтап, сор шаю, ылғалдандыру жұмыстарымен айналысуда. Ал аудан әкімінің өкімімен «Ауданда 2018 жылғы көктемгі дала жұмыстарына жәрдемдесу жөніндегі» аудандық штаб құрылды. Бүгінгі таңда ауданда тракторлардың 941 данасы көктемгі дала жұмыстарына тартылуда.

 

АҚПАРАТ

Биыл жалпы шардаралық диқандар 59 300 гектар алқапқа егін екпек. Ал ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру мақсатында осы жылы былтырғы 2017 жылмен салыстырғанда жаздық арпа 1573 гектардан 2000 гектарға, күріш 896 гектардан 1200 гектарға, дәндік жүгері 2723,7 гектардан 6400 гектарға, жаңа жоңышқа 4484 гектардан 5000 гектарға, бақша 8815,3 гектардан 11050 гектарға, бір жылдық және көп жылдық мал азықтық дақылдары 22365 гектардан 24358 гектарға  ұлғайту межеленуде. Керісінше мақта дақылын егу 20460 гектардан 12000 гектарға дейін азайып отыр.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper