14.08.2018 17:15

363.22
413.42
52.78
5.33
5.35
52.82


ОҚО тұрғындарының депозиті 300 млрд теңгеге жетті

Дүйсенбі, 05 Ақпан 2018 11:07

Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының 2017 жылдың соңындағы депозиттерінің көлемі 300,0 млрд теңгеге жетті.

Бұл туралы Ұлттық банкі Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының директоры Ануар Ботанбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстағы қаржылай өсім депозиттер бағытында да байқалады. Мәселен, жыл соңында депозиттердің көлемі 4,4 пайызға өсіп, 300,0 млрд теңгені құраған. Олардың ішінде теңгедегі депозиттер 23,9 пайызға артып, 204,8 млрд теңгеге дейін жеткен. Ал, шетел валютасындағы депозиттер көрсеткіші 22,2 пайызға төмендеп, 95,2 млрд теңгені құраған.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы жылдық инфляция 7,2 пайызды құрағанын айтқан Ануар Амангелдіұлы:

- Оңтүстік Қазақстан бойынша 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда АҚШ долларын сатып алу көлемі 4,22 пайызға, еуро 13,9 пайызға өсті, ал ресей рублі 4,24 пайызға азайды. Тап осы аралықта АҚШ доллары 1,2, еуро 1,5, рубль сатылымы 1,26 пайызға ұлғайды. Жалпы 2017 жылы Қазақстан экономикасына банк кредиттерінің көлемі 12,7 трлн теңгеге жеткен. Ал, облыс экономикасына банктік несиелер көлемі 2016 жылға қарағанда 10,3 пайызға өсіп, 400,9 млрд  теңгеге жеткен, - деді.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper