23.05.2018 20:42

326
382.2
51.05
4.78
5.29
67.45


Алматыда ЕАЭО экономикасын цифрландыру мәселесі талқыланады

Жұма, 02 Ақпан 2018 10:05

Бүгін 2 ақпанда Алматыда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумы өтеді.

Оның аясында инновацияларды және технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, базалық интеграциялық жобалар, Еуразиялық экономикалық одақтағы өнеркәсіптік цифрландыру және ауыл шаруашылығын цифрлық трансформациялаудың өзекті мәселелері талқыланады. 

Форум жұмысына Арменияның Премьер-Министрі - К. Карапетян, Беларусьтің Премьер-Министрі - А. Кобяков, Қазақстанның Премьер-Министрі - Б. Сағынтаев, Қырғызстанның Премьер-Министрі - С. Исаков, Ресейдің Премьер-Министрі - Д. Медведев, сондай-ақ  Әзірбайжан мен Тәжікстанның ресми делегациялары қатысады.

 

2017 жылғы қазанда Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында ЕАЭО мүше мемлекеттердің басшылары 2025 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібінің негізгі бағыттарын бекітті, сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ЕАЭО экономикасын цифрландыру бойынша арнайы кездесу өткізу туралы бастамасын қолдады.  

 

Сонымен қатар, форум барысында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырысы өтеді.

Іс-шараға Армения Республикасының Премьер-Министрі - К.Карапетян, Беларусь Республикасының Премьер-Министрі - А.Кобяков, Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі - С.Исаков, Ресей Федерациясының Премьер-Министрі - Д.Медведев және Еуразиялық экономикалық комиссиянның Алқа Төрағасы Т.Саркисян қатысады деп болжанып отыр.

Шағын құрамда цифрлық күн тәртібі мәселелерін, сондай-ақ ішкі нарықтың жұмыс жасауы шеңберіндегі қатысушы елдердің міндеттемелерін қарау жоспарланған.     

Кеңейтілген құрамдағы отырыста қатысушылар макроэкономикалық жағдайды және ЕАЭО мүше мемлекеттердің арасындағы өзара сауда жағдайын талқылайды, агроөнеркәсіп кешені, өнеркәсіп кешені дамуының ортақ болжамдарын және ЕАЭО мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін талқылайды.

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарды қабылдау жоспарланған.

 

АҚПАРАТ

Еуразиялық үкіметаралық кеңес 2018 жылға алғашқы рет өткізілгелі жатыр. 2017 жылы осындай іс-шаралар Бішкекте (Қырғызстан), Қазанда (Ресей Федерациясы), Астанада (Қазақстан) және Ереванда (Армения) өтті.

Форумның онлайн-таратылымын 2 ақпанда 11:00-де PrimeMinister.kz сайтынан және Фейсбук, «ВКонтакте», Твиттер, Перископ және Одноклассники әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонға арналған мобильді қосымшалардан көріңіздер.  

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper