23.05.2018 20:46

326
382.2
51.05
4.78
5.29
67.45


Астанада интеллектуалды бейнебақылаудың пилоттық жүйесі орнатылды

Бейсенбі, 01 Ақпан 2018 10:36

Бүгін Астана қаласының әкімдігінің негізгі кіреберісіне жасанды интеллект қолданыла отырып, адамның бет-жүзін танитын пилоттық жүйе орнатылды, -  деп хабарлайды Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Жобаның мақсаты – елордадағы қауіпсіздік деңгейін арттыру.

Адамның бет-жүзін тану жүйесі онлайн тәртіпте жұмыс жасайды, адамның тұлғасын анықтау бірнеше секунд уақыт алады. Адам есікке жақындаған кезде оның бет-жүзі камераға түсіп, кіріп-шығуды бақылау жүйесіне енгізіледі, дыбыстық белгі беріліп, есіктің құлпы ашылады.

 Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова:

 - Аталмыш жоба бірінші кезекте қала тұрғындарының қажеттіліктеріне бағытталған. Жүйенің көмегімен біз қылмыскерлерді, хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеп, құқық бұзушылықтарды және т.б. көптеген мәселелерді тексере аламыз, - деді.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper