14.08.2018 17:16

363.22
413.42
52.78
5.33
5.35
52.82


Қатты аяз газ тұтынуды рекордтық көрсеткішке жеткізді

Сейсенбі, 30 Қаңтар 2018 20:59

Еліміздің оңтүстік облыстарына жеткен қатты аяз табиғи газды тұтыну көлемін күрт өсіріп, рекордтық көрсеткішке жеткізді, - деп хабарлайды  ҚазТрансГаздың баспасөз қызметі.

Егер бұрын елдің оңтүстігі аязды күндері тәулігіне ең көп дегенде 24 миллион текше метр газ тұтынған болса, осы күндері бұл көрсеткіш тәулігіне 35 млн текше метрді құрайды.

Газ тарату желілеріне жүктеменің өсуі, сондай-ақ оңтүстік өңірлер үшін тым төмен температура авариялық жағдайлардың және кейбір учаскелерде табиғи отынды берудің азаюына себеп болды.

Мамандардың айтуынша, негізінен, шағын жеке компаниялардың басқаруындағы және солар қызмет көрсететін газ тарату құбырлары мен жабдықтар істен шыққан. 

Осы жеке газ тасымалдаушылардың абоненттеріне қажетті газ қысымының жетпеу себебі – олар жүргізген газ құбыры жүйелерінің өткізгіштік қабілеті өте төмен. Көбірек пайда табу үшін жеке компаниялар, газ құбырының өткізу қабілетін ескерместен абоненттерді артығымен, мейлінше көбірек желіге қосып отырған. Сондықтан, газды тұтыну көлемі артқан кезде, құбырдағы қысымы шектеулі газ абоненттердің барлығына бірдей жетпейді.

Ал дұрысында, абоненттер саны өскен кезде тұтыну көлеміне сай, газ құбырлары жаңартылуы тиіс. Оған мысал - ҚазТрансГаздың газ құбырларын жаңартқан учаскелерінде бірде-бір төтенше жағдай орын алған жоқ. Тиісінше, осы модернизация арқылы, ұлттық газ операторының сервисінде тұрған барлық инфрақұрылым, өз абоненттерінің  тұрақты және үздіксіз газбен жабдықталуын қамтамасыз етті. Туындаған авариялық жағдайлар шұғыл түрде шешілді.

 

АҚПАРАТ

 Табиғи газдың рекордтық тұтынылуы «ҚазТрансГаз» АҚ  үшін күтпеген жағдай емес. Ұлттық оператор осымен үшінші жыл қатарынан қысқы жылыту маусымы кезінде отандық газды тұрақты жеткізу арқылы елдің оңтүстігін үздіксіз қамтамасыз етіп келеді. Мұндай нәтижеге компания «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырын, компрессорлық станцияны және бірқатар инфрақұрылымдық объектілерді салу арқылы қол жеткізді.  

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper