26.09.2018 14:50

356.54
419.43
51.86
5.17
5.42
58.13


Астаналықтар нарық бағасынан арзанға соғым сатып ала алады

Дүйсенбі, 06 Қараша 2017 16:23

Ақмола облысында "Соғымға дайындық" жобасы аясында 2500 жылқы бордақылау алаңдарында семіртілуде.

Ақмола облысында «соғымға дайындық» жобасы жүзеге асырыла бастады

Фото: Аслан Оспанов

Ақмола облыстық әкімдігі "Соғымға дайындық" деп аталатын елден ерек жобаны қолға алды. Енді Астана мен оған жақын орналасқан елдімекен тұрғындары соғым деп сабылып жүрмей, нақты орындарға баратын болды. Сондай орындардың бірі - "Алтын таға" мал бордақылау кешені. Астананың іргесінде. Ет бағасы арзан. Бұл жерден жылқы етін 1000 теңгеден алуға болады. Малды өзіңіз таңдайсыз. Алған соғымыңызды жіктеп, қазысын айналдырып та береді.

Ақмола облысында «соғымға дайындық» жобасы жүзеге асырыла бастады

Фото: Аслан Оспанов

Қосшы ауылының маңында орналасқан «Алтын таға» сауда кешенiнiң аумағы 1 650 шаршы метрдi құрайды. Онда тек сауда павильондары ғана емес, ветеринарлық зертхана, қасапхана, шұжық цехы, тоңазытқыш камерасы, көкөнiс және жемiс-жидек қоймасы бар. Оған қоса, семiртiлетiн малды қамап ұстайтын 15 ашық мал қорасы да қарастырылған. Қазiрдiң өзiнде 3000 қой-ешкi, 1000 бас iрi қара мен 200 жылқы түлiгi бордақылануда.

http://www.inform.kz/fotoarticles/20171106114233.jpg

Фото: Аслан Оспанов

Мал базарының басшысы Айдар Нығметовтың айтуынша, «Алтын таға» базарында көкөнiс, жемiс-жидек, ет және ет өнiмдерi, балық, сүт және сүт өнiмдерi, арпа, тұрмыстық химия және күнделiктi тұтынатын тауарлар сатылады. Шұжық цехында ет өнiмдерiнiң сүрленген, жартылай сүрленген 50 түрi шығарылады. Цехтың қуаты тәулiгiне 2 тонна ет өнiмдерiн құрайды. Сондай-ақ, көкөнiс және жемiс-жидек қоймасында 1 000 тонн өнiм сақтауға болады. Қойманың iшi салқындатқыш, белгiлi бiр ауа температурасын ұстап тұру үшiн қажеттi қондырғылармен жабдықталған.

- Оған қоса, сауда орнында сырттан келген саудагерлер үшiн 120 адамға жатақхана, 100 орындық асхана және 200 көлiкке арналған автотұрақ қарастырылған. «Алтын таға» базары тас жолдың бойында орналасқандықтан әрi бейнебақылау камерасымен жабдықталғандықтан ауыл шауашылығы тауарларын өндiрушiлер үшiн өте қолайлы. Осы сауда орны арқылы елорда тұрғындары мен астаналық елдi мекендердегi халық сапалы әрi экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнiмдерiн тұтынып жатыр. «Алтын таға» облыста алғашқылардың бiрi болып "Соғымға дайындық" жобасына қатысуда. Астаналықтар ендi осында дайын семiртiлген, ветеринарлық тексерiстен өткен әрi нарық бағасынан арзанырақ соғым сатып ала алады, - дейдi мал базарының басшысы.

Айта кетерлігі, Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпанның айтуынша, қазіргі уақытта “Соғымға дайындық “ жобасына Астанаға жақын орналасқан ауылдардан 37 шаруашылық қатысуға ниет білдіріп отыр.

Азамат Кеңесұлы

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper