19.11.2018 06:49

367.06
416.17
52.84
5.27
5.56
68.88


Ең тиімді тарифтік жоспар ұсынатын оператор анықталды

Жұма, 31 Наурыз 2017 17:12

2017 жылдың бірінші тоқсанында мобильді интернет арқылы 6 Гб жоғары мәлімет алмасатын қолданушылардың саны артып, 33 пайызға жетті, - деп хабарлайды QAINAR.KZ.

 

 

Халықаралық 4Service Group зерттеу компаниясының мәліметінше, мобильді интернеттің белсенді қолданушылары тұтынушыларға ең тиімді тарифтік жоспар ұсынатын операторларды таңдайды.

Сауалнаманың қорытындысы бойынша, барлық қолданушылардың 50% Altel  және  46% Tele2  операторын қолданатындығы анықталған.

Сонымен қатар, операторына тұрақты абонеттердің де саны жылдан жылға азаюда. Мәселен, 2017 жылы операторын өзгертпеймін деген қолданушылардың саны 80 пайызды құраса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 88 пайыз болған. Респонденттердің 21 пайызының операторын өзгертуге тарифтік жоспар бағасының қымбат болуы себеп болған.

Биыл қазақстандықтардың 35 пайызы – Activ, 28 пайызы – Tele2 операторына ауысқан. Ал тарифтік жоспарының тиімділігіне қарай қолданушылар Activ (41%), Тele2 (36%) және Beeline (23%) операторларын таңдаған.

1000-2000 теңге көлемінде Tele2 «Жәй ғана СТАРТ» (айына 1290 теңге), Altel «EXPERT» (айына 1990 теңге), Beeline «Барлығы 1190 теңгеге» (айына 1190 теңге) және Activ «Комфорт 8» (айына 1490 теңге) тарифтік жоспарларын ұсынады.

Салыстырмалы түрде, бұлардың арасында тек Tele2 мен Altel ғана шынайы тиімді тарфитік жоспар ұсынатындығын байқайсыздар. Мәселен, Tele2 айына 600 SMS, 10 ГБ интернет және өзге операторлар мен қалалық нөмірлерген 80 минут берсе, Altel айына 1000 SMS, 20 ГБ интернет және өзге операторларға 200 минут береді.

*Сауалнама 2017 жылдың наурыз айында, 1200 адамның қатысуымен, Қазақстанның 14 облыс орталығында жүргізілді.

 

 

 

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper