13.11.2019 08:36

388.81
429.01
55.49
5.57
6.08
67.45


«Біз таза елорда үшін» жалпықалалық сенбілігі өтеді

Жұма, 19 Сәуір 2019 13:00

20 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында жалпықалалық сенбілік өтеді. Экологиялық акция барысында қала аумағында емен, терек, қарағай, шырша, қайың, үйеңкі, жөке көшеттері отырғызылады, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Экологиялық екі айлық кезінде қалада 13 мыңға жуық ағаш отырғызылады, оның 3 мыңы 20, 21 сәуірде егілмек. Акцияға 100 мыңнан астам қала тұрғыны қатысады деп күтілуде.

«Сенбілік өтетін орындар тұрғындардың қалауы бойынша анықталды. Биыл  сенбілікке атсалысып, ағаш отырғызуға ниетті елордалықтардың қатары артқан. Адамдар, кәсіпорындар, шағын бизнес өкілдері хабарласып, аталмыш бастамаға қолдау білдіріп жатыр», – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Арман Тұрлыбек.

Айта кетерлігі, қала әкімі Бақыт Сұлтанов сенбілік – ерікті акция болғандықтан, оған ешкімді қатысуға мәжбүрлеудің қажеті жоқ екендігін еске салды.

20 сәуірде өтетін экологиялық акция барысында ағаш отырғызу, көгалдарды тазалау, ағаштарды әктеу, белгіленбеген жерлерде қалыптасқан қоқыс орындарын және ластанған учаскелерді жою шаралары жүзеге асырылады.

Жалпы қалалық сенбілікті өткізу кезінде қаланың барлық аудандарында ағаш отырғызу жоспарланған: Алматы ауданында: Обаған көшесінде, Президенттік саябақта (Ш. Қалдаяқов-И.Панфилов көшелерінің қиылысы); Байқоңыр ауданында: 69 көше; Есіл ауданында: Ә.Бөкейхан көшесі бойынша Керей-Жәнібек хандары көшесінен бастап МЗ көпіріне дейінгі учаскеде (Арыс), Стелла учаскесінде, Ұлы дала даңғылы бойында Ақмешіт және Түркістан көшелері арасындағы «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» аумағында; Сарыарқа ауданында: В.Гете, Ы.Алтынсарин, І.Есенберлин көшелерінде және Көктал-2 тұрғын алабында.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper