19.07.2019 18:16

384.87
432.52
55.95
5.54
6.11
68.17


«ARUANA» атты Қазақстан әйелдерінің құрылтайы құрылды

Дүйсенбі, 01 Сәуір 2019 15:37

Қазақстанда әйелдердің, отбасылар мен балалардың мәселелерін тиімді түрде шешуге арналған «ARUANA» атты Қазақстан әйелдерінің құрылтайы құрылды.

«ARUANA» Қазақстан әйелдерінің құрылтайы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бірлестігін құрудағы мақсат - әйелдердің, отбасылар мен балалардың мәселелерін шешу мақсатында әйелдер бастамаларын шоғырландыру.

«Соңғы айдағы оқиғалар  республикамызда әйелдердің, отбасылар мен балалардың мәселелеріне жалпы талдау жүргізіп, басқа ұйымдарымен дәнекер ретінде жүйелі түрде жұмыс жасайтын ұйымның жоқтығын ашып көрсетті. Қазақстан тарихында мұндай бірлестіктерді құру туралы бір-екі рет ұмтылыс жасалды, алайда бастамадан ары жұмыс жүрген жоқ. Дәл сондықтан да біз Құрылтайды құруды шештік және әйелдердің, отбасылар мен балалардың мәселелерін шешумен айналысып жүрген барлық қазақстандық ұйымдарды ортақ күш біріктіруге шақырып отырмыз! Әйелдердің сөзі күшті әрі сенімді түрде шығуы керек», - деп атап өтті баспасөз мәжілісінің ашылуында «Ihlas Jurek» қоғамдық қайырымдылық қоры қамқоршылар кеңесі төрағасының міндетін атөарушы Тоғжан Қожалиева.

«ARUANA» Қазақстан әйелдері құрылтайының таяу арадағы міндеттері келесі:

  • әлеуметтік зерттеу жүргізу арқылы әйелдер қауымындағы ең өзекті деген 10-15 мәселені анықтау;
  • отбасы және әйелдердің мәселелерін шешуге бағытталған мемлекеттік және ұлттық бағдарламаларға талдау жасау;
  • жалпы шешімдерді дайындап шығарып, жүзеге асыру;
  • әйелдерге арналған барлық ҮЕҰ анықтамалық кітабын дайындап шығару;
  • әйелдердің, отбасылар мен балалардың мәселелерін шешуге арналған қолданыстағы бағдарламалар жөнінде, әйелдер құқығы, білім беру және әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті қолдау жөнінде кеңес беретін орталықтарды ұйымдастыру.

Айта кетерлігі, дайындалған шешімдерді және оларды жүзеге асырудың тетіктерін лоббилеу келесі қадам ретінде белгіленіп отыр. Спикерлер лоббилеудің тұрақты тетігі ретінде Мәжілісте өз лоббиі болатын жеке және заңды тұлғалардың ортақ республикалық қозғалысын құруды ұсынып отыр.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper