19.07.2019 18:17

384.87
432.52
55.95
5.54
6.11
68.17


Тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға үй беріле бастайды

Сейсенбі, 26 Наурыз 2019 11:09

Мамырдан бастап тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға үй беріле бастайды.

Бұл жөнінде ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мәлімдеді.

Айтуынша, қазір елде баспана кезегінде әлеуметтік ахуалы қиын санаттағы 28 мың отбасы тұр. Әзірге жыл соңына дейін 6 мың отбасыға үй беру жоспары құрылған. Баспана 3 механизм бойынша үлестірілуге тиіс. Бірінші – арендалық үй, екіншісі – ТҚЖБ арқылы 2%-бен ипотека алуға мүмкіндік жасау, ал үшіншісі – бұл енді мүлдем тұрмысы нашар көпбалалы отбасыларға ғана арналған. Яғни, Үкімет оларға 8 жарым млн теңгеден береді. Үстіне жергілікті әкімдіктер де ақша қосуға міндеттелген. Оған көлемі 60 шаршы метрден төмен болмайтын үй алынуы қажет.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper