19.07.2019 18:16

384.87
432.52
55.95
5.54
6.11
68.17


Жомарт Ертаев Қазақстанға экстрадициялады

Жұма, 15 Наурыз 2019 10:45

Қазақстан Республикасы Бас прокуратура қызметкерлері қылмыстық жауапқа тарту үшін Ресей Федерациясынан Жомарт Ертаевты экстрадициялады.

Бұл жөнінде ведомствоның сайтында хабарланды.

2018 жылдың наурыз айында халықаралық іздеу жарияланған азамат «Жомарт Ертаев 2011-2017 жылдар аралығында қызметтік жағдайын пайдалана отырып, басқа тұлғалармен алдын ала келісу арқылы «BANK RBK» АҚ-ның 144 млрд теңгесін жымқырды деген күдікке ілінді. Сондай-ақ, онымен бірге 54 адам, соның ішінде банктің 41 топ-менеджері мен қатардағы қызметкері - бұрын экстрадицияланған Б.Ибрагим, И.Мажинов, Д.Туғанбай, Д.Едігенев, А.Мамырбеков, Т.Шәріпов күдіктеліп отыр», - делінген хабарламада.

Тергеу барысындағы шаралардың арқасында 15 млрд теңге өтеліп, 48 млрд теңге мүлікке тыйым салынды.

Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар істі тексеруді аяқтады. Процеске қатысушылар материалдармен танысып жатыр. Ж. Ертаев Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper