21.05.2019 08:10

378.9
422.74
54.8
5.43
5.87
62.75


Көктемнің алғашқы күндеріне ауа райы болжамы

Жұма, 01 Наурыз 2019 10:15

Синоптиктердің болжауынша 2-4 наурыз күндері Қазақстанда жауын-шашынды ауа райы күтіледі.

Қазақстанға Орталық Азия мен Ресейдің Еуропалық бөлігінен бір уақытта циклондар жылжып жатыр. Сондықтан алдағы демалыс күндері республикада күрделі метеорологиялық жағдайдағы ауа райы күтіледі. Қазақстанның басым бөлігінде Ресейдің Еуропалық бөлігінен келетін атмосфералық фронттардың әсерінен қар жауып, кей жерлерде бұрқасын болады. Күшті екпінді жел тұрып, жылудың әсерінен көктайғақ күтіледі.

Оңтүстік облыстарда оңтүстік циклонның әсерінен жаңбыр, жылбысқы қар, дүйсенбіде қатты жауын-шашын болуы ықтимал. Температура ауытқуы мүмкін, бірақ батыстан басқа аймақтарда ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болады. Батыста температура нормаға жақын және төмен.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper