22.02.2019 20:20

376.73
427.36
56.07
5.41
5.75
70.62


Қазақстанда өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілуде

Сейсенбі, 05 Ақпан 2019 10:49

2018-2019 жылдарғы жылу беру маусымында өрттің және қаза болған адамдардың санын азайту мақсатында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілуде.

Бұл жөнінде ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді.

Алдын ала іс-шаралар аясында 2018 жылы азаматтық қорғау органдары 1 млн 700 мыңнан астам тұрғын үйді аралау жұмыстарын жүргізді, онда 4 млн астам адаммен нұсқаулық жүргізді, 18 192 жиын және жиналыс ұйымдастырды, онда 500 мың адам қамтылды.

Тұрмысы нашар, аз қамтылған топтар мен халықтың қауқары аз топтары арасында 25 958 рейдтік іс-шара өткізілді, онда 112 мыңнан астам адам қамтылды, оның ішінде волонтерлердің қатысуымен 54 мыңнан астам аралау жұмыстары жүргізілді.

Тұрғын үй секторындағы профилактикалық жұмысқа азаматтық қорғау органдары «Жас Отан» Жастар қанатының еріктілері тартылады.
Шығыс Қазақстан, Түркістан, Павлодар, Ақмола облыстарының, Алматы қаласының көп балалы және аз қамтылған отбасыларында үкіметтік емес және коммерциялық ұйымдарды тарта отырып, тұрғын үйлердегі тұншықтырғыш, табиғи және сұйытылған газдың шекті жол берілетін шоғырлануын айқындайтын улы газдың датчиктері мен сигнализаторлары орнатылған.

Өрттің пайда болуының негізгі себептерінің бірі тұрғын секторда отты абайсыз қолдану болып табылады халықтың тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерінің қарапайым талаптарын сақтамауы себебінен.

Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға шақырады.

Айта кетерлігі, 2019 жылдың 3 ақпаннан 4 ақпанға қараған түні Астанақ. «Көктал» тұрғын алабында жеке тұрғын үйдің аумағында 30 шаршы метрді құрайтын жеке тұрған уақытша тұрғын үй құрылысының өртенгенін анықтады. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2013, 2015, 2018 жылы дүниеге келген 5 қыздың денесі табылды. Өрттің себебі анықталуда, оқиға орнында Өрт-сынақ зертханасы жұмыс істеп жатыр.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper