24.04.2019 08:28

377.33
424.68
56.17
5.42
5.92
64.7


«ShymQala» мобильді қосымшасы іске қосылды

Сәрсенбі, 30 Қаңтар 2019 14:44

Шымкент қаласында автобустардың қай жерде келе жатқанын көрсететін «ShymQala» атты мобильді қосымша іске қосылды.

Бұл туралы Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері хабарлады.

Олардың айтуынша, мобильді қосымша қалаішілік №141, 147, 147А 148А, 148Б, 102ША, 109ША, 118ША, 26 бағыттарына пилоттық режимде енгізілген.
Аталған қосымшаны смартфон иелері Play Market немесе Арр Store дүкендерінен жүктеп ала алады. Телефоныңыздың экранына автобустар белгіленген карта шығады. Өзіңізге қажет болған бағытты басу арқылы, автобус жолын ғана емес, қай жерде келе жатқанын да біле аласыз. Бұл өз кезегінде аялдамада ұзақ уақыт тұрып қалу мәселесін жеңілдетеді.

Android құрылғылары үшін бұл әзірге сынақ нұсқасы, алдағы уақытта функциясы жаңартылып, пайдаланушыларға ыңғайлы етіп жасалатын болады. Сондай-ақ Ios (IPHONE, IPAD, IMAC) жүйесіне арналған нұсқасы да әзірленеді

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper