15.12.2018 10:40

371.31
419.32
53.83
5.33
5.59
69.05


Жедел жәрдем неге кешігіп келеді?

Бейсенбі, 29 Қараша 2018 14:26

Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны аяқталды. Арнайы кампания кезінде тіркеліп үлгермеген азаматтар не істейді? Олардың емхана ауыстыруға мүмкіндігі бар ма?

Бұл сұраққа Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жұртшылықпен байланыс департаментінің мамандары жауап береді

«Науқан аяқталды. Бірақ бұл бұдан былай емхана ауыстыруға мүмкіндік жоқ деген сөз емес. Әр азаматтың жылына бір рет емхана ауыстыруға хақысы бар. Оған қоса, тағы да бірқатар жағдайларда басқа емханаға ауысуға болады. Мәселен, басқа жерге қоныс аударғанда, бұрынғы емханасы жабылып қалса немесе қызмет көрсетуді тоқтатса, қайта ұйымдастырылса, Медициналық сақтандыру қорымен келісімшартты тоқтатса немесе белгілі бір себептермен контрактіден айырылып қалса, ерікті медициналық сақтандыру полисін сатып алса, жақын маңда жаңа емхана салынса, тұрғылықты жері бойынша емханаға автоматты түрде тіркеп тастаған арнайы комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда басқа емханаға ауысуға болады», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарушы директоры Забира Оразалиева.

Ендеше, емхана таңдағанда нені ескерген жөн? Неліктен емхана үйге жақын маңда болуы керек дейміз? Жедел жәрдем қандай жағдайларда келеді? Көмек кешігіп жатса не істеу керек? Оның себебі неде? Сұрақ көп. Қарапайым халық бірінің жауабын білсе, екіншісінен бейхабар.

Сондықтан, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтарға медицинаға қатысты құқықтарын қарапайым тілмен түсіндіріп, маңызды деген сұрақтардың жауаптарын дайындады. Бүгін назарларыңызға соның алғашқысын ұсынамыз.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper