15.12.2018 11:40

371.31
419.32
53.83
5.33
5.59
69.05


«ҚазТрансГаз» бір күнде үш компрессорлық станцияны іске қосты

Сәрсенбі, 28 Қараша 2018 17:34

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы мен «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырында «Арал» компрессорлық станциясын, «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының «С» желісінде №5 және №7 компрессорлық станцияларын іске қосты.

Астана қаласында өткен салтанатты шараға Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары Қайрат Шәріпбаев қатысты.

 

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырында «Арал» компрессорлық станциясын іске қосу елдің оңтүстігін газбен тұрақты қамтамасыз етуге және отандық газды Қытайға экспорттауды арттыруға мүмкіндік береді.

№ 5 және 7 компрессорлық станцияларды пайдалануға енгізу Түркіменстан, Өзбекстан, Қазақстан мен Қытайды біріктіріп тұрған «Орталық Азия - Қытай» трансазиялық газ құбырын қалыптастыру жөніндегі ауқымды жұмысты аяқтайды. Сондықтан осы оқиға Қазақстан үшін ғана емес, сондай-ақ өңірдегі барлық мемлекеттер үшін де маңызды оқиға болып отыр.

«№ 5 және 7 компрессорлық станциялардың жұмысы «С» желісінің өткізу қабілетін жылына 20-дан 25 млрд текше метр газға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Енді, барлық үш «А», «В» және «С» желілерінің жиынтықты қуаты, 55 млрд текше метр газды құрайды. Бұл ретте отандық газ көлік жүйесі жаңарып, Еуразиялық өңірде ең мықты инновациялық жүйе болып отыр», - деді Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыс тұрғындарын осы маңызды оқиғамен құттықтап, «Арал» компрессорлық станциясы ең қысқа мерзімде – бар-жоғы 7 айда салынып, жаңа жұмыс орындары құрылып, алыс шалғайда жатқан аудандар мен ауылдарды газдандыру қарқынды жүріп жатқандығын атап өтті.

Мемлекеттік цифрландыру бағдарламасының шеңберінде, газ магистральдарының қауіпсіз әрі тұрақты жұмыс істеуі үшін, объектілерде  SCADA жүйесі орнатылған. Бағдарлама компрессорлық станциялар функцияларының өлшемдерін бақылап, бүкіл ақпаратты жинақтап, өңдеп, деректерді  онлайн режимінде беріп отырады.

Компрессорлық станциялар мен SCADA жүйесі  General Electric, Siemens, Cummins, ABB, Huawei және басқалар сияқты жетекші дүниежүзілік өндірушілерден шығарылған қазіргі заманғы жабдықтармен жарақталған.

Пайдаланылатын инновациялық жабдық, сондай-ақ кешенді көмекші жүйелер, бүкіл пайдалану кезеңінде газды қауіпсіз әрі технологиялық тұрғыдан іркіліссіз тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper