15.11.2018 18:34



Алматылықтар 24,1 млрд теңге медициналық сақтандыру жарнасын төледі

Жұма, 09 Қараша 2018 12:16

Алматылық жұмыс берушілер өткен айда 1,8 млрд теңгеден астам медициналық сақтандыру жарнасын төледі. Сақтаныру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен бүгінгі күнге дейін оңтүстік астаналықтардан түскен жарна 24,1 млрд теңгеден асты.

Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» қорының Алматы филиалы хабарлады.

Хабарламаға сүйенсек, бұл Медициналық сақтандыру қорына республика бойынша түскен қаражаттың 21,2 пайызы. Жарна аудару жағынан Алматыдан кейін Астана қаласы (12,6% немесе 14,3 млрд теңге), үшінші орында – Қарағанды облысы (8,2% немесе 9,3 млрд теңге) тұр.

Қараша айындағы есеп бойынша,  жалпы Медициналық сақтандыру қорына жинақталған қаржы сомасы 113,8 млрд теңгеге жетіп жығылады.

 

АҚПАРАТ

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады және болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. Қолданыстағы заңға сәйкес МӘМС пакеті шеңберінде қызмет көрсету 2020 жылдан басталмақ.

Сонымен қатар,Медициналық сақтандыру қоры МӘМС пакетіне қоса, кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) пакетінің операторы болып табылады. Қор бюджеттен ТМККК пакетіне бөлінетін қаржыға медициналық қызметтерді сатып алумен айналысады. Бүгінгі күнге дейін Алматы қала тұрғындарына 75,9 млрд теңгенің қызметі тегін көрсетілген.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper