15.11.2018 18:32



Қарашаның соңына дейін астаналықтарға 364 пәтердің кілті табысталады

Сәрсенбі, 31 Қазан 2018 16:29

31 қазан «Бүкіләлемдік жинақ күні» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев астаналықтарға «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандарды көрсетті.

Директордың айтуынша, Мәңгілік ел мен №227 көшелерінің қиылысында тұрған үй биылғы жылдың 6-шы қарашасынан бастап үлестірілсе, №27 мен №36 көшелердің қиылысында тұрған көп қабатты тұрғын үй Астанада 2019 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында берілетін 1 825 пәтердің қатарында.

«Қазақстанда Елбасы мен Үкімет тарапынан тұрғындарды баспанамен қамтамазы етуге баса назар аударылып отыр. Осыған байланысты 2016 жылдан бастап «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Міне, бүгін келіп тұрған нысандар сол мемлекеттік бағдарлама аясында салынған үйлердің бірі. Бұл тұрғын үйлерді салуға мемлекет тарапына 4 млрд 600 млн шамасында қаражат қаралған.
Қазіргі уақытта Мәңгілік ел мен №227 көшелерінің арасында орналасқан көпқабатты үйге тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен әкімдікте тізімде тұрған астаналықтардың арасында конкурс жүріп жатыр. 6 қараша күні байқаудың нәтижесі шығады. Мұнда 364 пәтер және балаларға арналған шағын орталық бар. Таза әрлеудегі пәтерлердің 1 шаршы метрінің құны 180 000 теңгені құрайды. Бұл Астанадағы орташа нарықтық бағадан екі есе төмен», - деді Жансұлтан Матаев.

Жыл басынан бері тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің көмегімен 26 000 азамат баспаналы болған, оның 19 450-і үйді коммерциялық нарықтан сатып алса, 7 мыңдайы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында заем ресімдеген.
Баспанамен қамтамасыз етуге қатысты бұл деректер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша соңғы үш жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіштер болып отыр.

«Қазір тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі қатысушыларының экономикалық тұрғыдан белсенді халық арасындағы үлесі 13,1%-ды құрайды. 2015 жылы бұл көрсеткіш 7,1% деңгейінде еді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қаражатын жоспарлап, ақшасын санай алатын, мақсатына жете білетін азаматтар келеді. Қаражат жинау қабілетіне табыстың ықпал етпейтінін айта кету керек, мысалы, біздің салымшылардың 40%-ның жалақысы 150 000 теңгеден төмен. Көп жағдайда олар мақсатына 5-6 жылда жетеді», - деп сөзін қортындылады Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Орталық филиалының директоры.

Айта кетерлігі, 2018 жылдың 1 қазанында салымшылардың жинағы 562 374 млн теңгені құрап отыр. Ағымдағы жылы шарттық сомасы 1 474 592 млн теңгені құрайтын 285 197 тұрғын үй құрылыс жинақ шарты жасалып, сомасы 231 113 млн теңгені құрайтын 25 888 заем берілді.
Бұл күні Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 170 771 Астана тұрғынының депозиті бар.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper