15.11.2018 18:31



Маңғыстауда фототұзақ объективіне қабылан ілінді

Сәрсенбі, 24 Қазан 2018 11:48

Маңғыстау облысындағы Үстірт қорығының аумағынан қабылан анықталды.

Бұл жөнінде қорық қызметкері Ақтан Мұхашев өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

«Қайырлы түн достар, қуанышымызда шек жоқ, күтпеген жерден қорық аумғында құрылған фототұзағымызға леопард түсіп қалды» , - дейді ол жазбасында.

 

АҚПАРАТ

Үстірт қорығы Маңғыстау облысында 1984 жылы құрылған республикадағы ең жас қорықтың бірі.

Климаты солтүстік шөл зонасына тән: жазы ыстық, ұзақ, қысы қатаң, жауын- шашын мөлшері тым аз (жылына 120 мм). Ауданы 223,3 мың гектарды құрайтын қорықта сүтқоректінің 227, құстың 11 түрі, өсімдіктің 261 түрі кездеседі.

Қорықтың негізгі мақсаты - шөл зонасының табиғат кешенін табиғи түрінде сақтап қалу. Қорықты ұйымдастырудағы бастапқы мақсат Қазақстандағы Қызыл кітапқа тіркелетін шөл зонасындағы 12 түрлі аң мен құстарды корғау мен сақтау.

Жануарлар арасынан қорғауға жататыны: жабайы қойдың ерекше түрі - үстірт муфлоны және қарақұйрық, ұзын тікенді кірпі, шұбар күзен, төрт жолақты қарашұбар жылан.

Құстардан ұялайтыны: қарабауыр шіл, кекілік, ителгі, шөл кекілігі.

Қорықтың аумағында бір кезде осы арада кеңінен тараған жыртқыш ірі мысық қабылан мен құланның санын қалпына келтіру белгіленген.

Өсімдіктен қорғауға тұратын аса маңыздысы жұмсақ жемістік (қалдық және монотип бұталар), иіссіз катрана, үстірт таспасы.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper