15.11.2018 18:38



Түркістандағы ғимараттар ұлттық нақышта бой көтереді

Сейсенбі, 23 Қазан 2018 11:14

Бұл жөнінде Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдегі сәулетшілермен кездесу барысында хабарлады.

«Қаламызды туристік орталыққа айналдыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға отандық және шетелдік мамандар қатысты. Атап айтқанда, Түркия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан елдерінен 42 кәсіби сәулетшілер бақтарын сынады. Бірақ, хаттамаға сәйкес 22 жоба жолданды. Оларға қойылып отырған басты талап, қаладағы жаңа құрылыс сәулет стилі жергілікті ұлттық салт-дәстүрге сай болуы тиіс. Сондай-ақ, қаланың барлық тұсынан Қожа Ахмет Яссауи кесенесі көрініп тұруы керек. Мұнымен мәселе шешілмейді. Түркістан облысының қарыштап дамуы біздің ерен еңбегімізге тікелей байланысты. Сондықтан, ел ертеңі үшін, балаларымыздың болашағы үшін ортақ жұмыстарды атқарып, жан-жақты қосылуымыз қажет», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Сондай-ақ, облыс әкімі Түркістан қаласында Елбасының ұсынысымен бірқатар Ұлттық компаниялар, бизнес өкілдері мен шетелдік инвесторлар 30-ға жуық әлеуметтік және кәсіпкерлік нысан салатынын жеткізді.

Одан бөлек, жоба аясында туристер мен жергілікті халыққа қызмет көрсететін мейрамханалар, дәмханалар мен арбаттар салынбақ.

Бүгінде бой көтеретін нысандардың эскиздік жобаларына халықаралық конкурс жарияланған. Өңір басшысы сәулетшілерді қаланы дамытуға байланысты ұсыныс білдіруге және жарияланған байқауға белсенді қатысуға шақырды.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper